Персоналды басқару жүйесіндегі кадр саясатының рөлі

Персоналды басқару жүйесіндегі кадр саясатының рөлі

Персоналды басқарудың бағыты қызметшілер арасындағы қарым-қатынастарды реттеу негізінде, бәсекеге қабілеттілік жағдайлары мен ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Бұл бағытта, ағымдағы кадрлық жұмыстары жүргізіледі: кадрлар қажеттілігінің қазіргі жағдайы мен жоспарлауы, штаттық кестелерді жасау; персоналды бағалау және іріктеу, таяудағы кадрлық ауысымдарды, біліктілігін арттыру және қайта даярлау және т.б. жұмыстарынан жасақталады. Жалпы алғанда, персоналды басқару – қажетті еңбек тәртібін сақтайтын, мемлекеттік органның функцияларын қызыға орындайтын жұмыскерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету болып табылады. Кадрларды басқарудың құрамы, персоналды басқару функцияларын атқарушылар, кең мағынада персоналды басқару құрылымы ретінде қарастырылады. Басқарудың жалпы жүйесіндегі нақты орны мен рөлі персоналды басқару бойынша әрбір арнайы бөлімдерде оның тікелей ұйымдастырушылық мәртебесінің орны мен рөлі арқылы анықталады.
«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағына сәйкес өзінің құзыретіне жататын функцияларын жүзеге асыратын Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқармада персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім – әкімшілік бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады.
Басқарманың құрылымы облыс әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №239 қаулысына сәйкес – 13 бірлікті құрайды.  Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшілердің ішінде 11 (он бір) қызметшінің жоғары білімдері бар, оның ішінде екінші жоғары білімдері бар – 6 (алты) қызметші,  2 (екі) қызметші арнайы орта білімімен қызмет атқаруда.
Кадр ауысуы мәселесіне тоқталатын болсақ, 2017 жылғы 1 желтоқсаны жағдайына – 1 (бір) бос орын. 2017 жылдың 11 айы бойынша мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №404 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Батыс Қазақстан облысының екінші деңгейіндегі аттестаттау комиссияының қорытынды шешімінің №21 хаттамасына сәйкес, 9 (тоғыз) мемлекеттік қызметшілер атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келген болса, 1 (бір) мемлекеттік қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің кәсіби даярлығы, құқықтық мәдениеті, азаматтармен жұмыс істеу қабілеті деңгейін анықтау мақсатында, 2017 жылы 4 (төрт) мемлекеттік қызметші Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-да біліктіліктерін арттырған болса, 2 (екі) мемлекеттік қызметші «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша 8 академиялық сағат көлемінде семинарды нәтижелі аяқталғанын куәландырды. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қорымен бірігіп өткізілген «Болашақ» кәсіби өсім және мансап орталығы жобасын жүзеге асыру мақсатында, ұйымдастырылған оқу тренингіне қатысқан үшін Басқарманың бас маман-заңгері арнайы сертификатымен иеленді.
Жалпы, Басқармада қызметкерлердің мансабын, олардың кәсіби және әкімшілік өсуі жоспарланады, еңбек етуді қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етіп, соның ішінде әрбір адам үшін игілікті әлеуметтік-психологиялық хал-ахуал құрылады. Сонымен қатар, персоналды басқару қызметі тиімді іс-әрекетті мотивациялау жүйесін жасап, моральдық және материалдық ынталандыру, жұмыс уақытын пайдалану және т.б. қызметтерді жоспарлап, мәселелерді шешуде.
Осыған орай, жоғарыда көрсетілген жұмыстар персоналды басқару жүйесіндегі кадр саясатының рөлін толығымен көрсетеді.

 

Батыс Қазақстан облысы
жер қатынастары басқармасының
әкімшілік бөлімінің басшысы                                                                Ә.Халидуллина

2017 ж. 29.11.

 

Блог руководителя

Регламент работы

с понедельника по пятницу

с 09:00-18:30, перерыв с 13:00-14:30

Статистика посещений

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterПосетителей сегодня:0
mod_vvisit_counterПосетителей за неделю:0
mod_vvisit_counterПосетителей за месяц:5962
mod_vvisit_counterПосетителей всего:183078

Календарь

«Горячая линия 110»
Для приема сообщений,
связанных с террористическими
угрозами