Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының 2017 жылдың тоғыз айы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің БАЯНДАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес және облыс әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы №304 қаулысымен бекітілген Басқарманың ережесі негізінде атқарады.
Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары тұрақты атқарылуда.


1. Жоспарлар мен бағдарламалар
Басқарма басшысының 2015 жылғы 21 шілдедегі №16 бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.
Жоспар орындалу мерзімі, жауапты тұлғалары және аяқталу нысаны көрсетілген 14 нақты іс-шаралардан тұрады. Соның ішінде:

 

  • Басқарманың интернет-ресурсында басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Басқарманың қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша аппараттық оқулар өткізу (Жер кодексі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі және т.б.);
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде аудандар және Орал қаласының жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары басшыларының қатысуымен семинар-кеңестер өткізу;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшігін орнату және жаңарту, Басқарманың интернет-ресурсындағы Басқарма басшысының блогын жүргізу;
  • Мемлекеттік сатып алу ресімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында басқарманың интернет-ресурсына тиісті ақпаратты жариялау;
  • Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында ақпараттық-насихаттау мазмұнындағы әзірленетін бейнероликтерді Басқарманың интернет-ресурсында орналастыру;
  • Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат (А4 форматында) мазмұндалған брошюраларды әзірлеп, ХҚКО-да, мемлекеттік қызметтерді көрсететін бөлімшелерде, халықпен байланыс жасайтын (кеңсе) және адамдар көп жиналатын жерлерде тарату, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы жадынамаларды мемлекеттік қызметті алушыларға тарату және жие көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат беру;
  • Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жылдық есебін Басқарманың интернет-ресурсында жариялау;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және одан туындайтын қажетті шараларды алу.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Басқарма ағымдағы жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлеп, Жобаны көпшілік талқылау үшін Басқарманың ресми интернет-ресурсында орналастырды.
Бұдан басқа, 2017 жылдың 4 сәуірінде Жоба Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің отырысында қаралып, ескертпелерсіз мақұлданды.
Осыған байланысты, Басқарма басшысының 2017 жылғы 10 сәуірдегі
№6-н бұйрығымен Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бекітіліп, бұйрықтың мәтіні Басқарманың ресми интернет-ресурсында орналастырылды.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары облыс бойынша жер қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.
3. Басқармаға қатысты жүргізілген тексерістер
1) 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №92 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің тексеру тағайындау жөніндегі актісіне сәйкес 2016 жылдың 2-31 желтоқсан аралығында Басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасы талаптарының сақталуына тексеріс жүргізілді (тексерілген кезең: 2015 жылдың 1 қаңтары – 2016 жылдың 31 желтоқсаны). Тексерістің нәтижелері бойынша заң бұзушылықтар анықталмады.
2) Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 12 сәуірдегі шығыс №02-22/393 Алдын ала зерделеуді  (аудиторлық іс-шараны, тексеруді) жүргізу туралы хабарламаға сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің 2017 жылға арналған тізбесіне сәйкес 2017 жылдың 21 сәуір – 21 мамыр аралығында Басқармада бюджеттік қаражаттың пайдаланылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сондай-ақ мемлекеттік мүлік және коммуналдық меншік нысан объектілерінен жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын және уақыттылығын бақылауға мемлекеттік аудит жүргізілді (бақыланатын кезең: 2014 жылғы 1 ақпан – 2017 жылғы 31 наурыз).
Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша Басқарма басшысының атына Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 11 шілдедегі №50 «Мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға шаралар қолдану туралы» нұсқамасы берілді.
Қазіргі уақытта, бұзушылықтар жойылып, тиісті шаралар алынды. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар анықталмады.
3) Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының 2017 жылғы 12 мамырдағы №7171927000100019 тексерісті жүргізу туралы қаулысына сәйкес 2017 жылдың 12 мамыр – 10 маусым аралығында Басқарманың қызметінде жер заңнамасының қолданылуына тексеру жүргізілді (бақыланатын кезең: 2015-2016 жылдар және 2017 жылдың өткен кезеңі). Аталған тексерісті жүргізуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тартылды.
Тексерістің нәтижесінде, Басқармаға қатысты нақты жіберілген заң бұзушылықтар, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар анықталмады.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар
2017 жылдың тоғыз айы бойынша Басқарманың қызметкерлері туралы сыбайлас жемқорлық бағытындағы жағымсыз жарияланымдар орын алған жоқ.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ағымдағы жылдың 14-25 тамыз аралығында Басқарманың қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізіліп, қорытындылары жасалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің және Басқарма басшысының 2017 жылғы 25 тамыздағы №17-н бұйрығының негізінде 2017 жылдың 28 тамызынан бастап 12 қыркүйек аралығында Басқарманың жекелеген бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Ішкі талдаудың қорытындылары (талдамалық анықтама) 2017 жылғы 27 маусымдағы №01-001-05/152 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия отырысы хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне 2017 жылғы 12 қыркүйекте жолданған болатын.
Ішкі талдаудың қорытындылары бойынша жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерде қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасында тікелей байланыс түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сонымен қатар, бір жасырын қызмет анықталды. Олар талдамалық анықтамада толық сипатталған.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Басқарманың қызметінде 2017 жылдың тоғыз айы бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.
Аталған жұмыстар бақылауға алынып, жалғастырылатын болады.

Қосымша: өткізілген іс-шаралардың кестесі

2017 ж. 02.10. жарияланды

 

 

Блог руководителя

Регламент работы

с понедельника по пятницу

с 09:00-18:30, перерыв с 13:00-14:30

Статистика посещений

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterПосетителей сегодня:172
mod_vvisit_counterПосетителей за неделю:542
mod_vvisit_counterПосетителей за месяц:7116
mod_vvisit_counterПосетителей всего:215220

Календарь

«Горячая линия 110»
Для приема сообщений,
связанных с террористическими
угрозами