Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

«MSAlem» ЖШС

директоры

С. Мухамбетьяровқа

 

Хабарлама

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында орналасқан "Дмитровское" кен орнындағы бір бөлігі құм-қиыршық тас қоспасы кен таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны рәсімдеу үшін Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің (бұдан әрі Кодекс) 205 – бабының 3-тармағына сәйкес тау-кен жұмыстары жоспарын келісу және жою жоспарына сараптама жүргізу Кодекстің 216 және 217-баптарында көзделген қажеттілігі туралы хабарлайды. 

Келісілген тау-кен жұмыстарының жоспары және жою жоспары сараптамасының оң қорытындысын "Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" ММ хабарламаберілген күнінен бастап бір жылдан кешіктірмей ұсыну қажет.

 

 

 

Басқарма басшысының орынбасары                             Ж. Ашықпаев