Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

Қазіргі таңда жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында жерді кім игерсе, соған тиесілі болуы тиістігін және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару қажеттігін атап өткен болатын.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 26 желтоқсанда облыстың пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері, оларды мемлекет меншігіне қайтару және айналымға енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 388 мың га жер конкурс арқылы жер пайдаланушыларға табысталды. Алайда, облыс бойынша жер учаскелерін пайдаланбай отырғандар да бар. Қазіргі таңда пайдаланылмай жатқан 1 млн. 749 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды. Анықталған жерлердің 88% бойынша тиісті шаралар қабылданса, қалған 12% бойынша бүгінгі күні мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді ынталандыру мақсатында, жиналысқа жерлерін пайдаланып отырған, сондай-ақ, табысталған жерлерін пайдаланбай отырған Ақжайық және Теректі аудандарының агроқұрылымдары шақырылды.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға бақылау жүргізу проблемасын және игерілмей жатқан жерлерге базалық салықты 10-нан 20 есеге дейін арттыру қажеттігін атап өткендіктен, жиналыста жерлерді мақсатты пайдалану мәселесі көтерілді, немесе пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда өз еркімен бас тарту ұсынылды. Аудандарда инспекторлар бірнеше жыл бойы жайылымдық алқаптары бар, алайда мал басы тіркелмеген және жерлерін пайдаланбай отырған  агроқұрылымдардың басшыларына ескерту бере алмайды, себебі агроқұрылымдар әр түрлі себеппен белгіленген уақытта келмейді, ал жерлеріне арамшөп өсіп, көрші падаланып отырған жер учаскелеріне ұшып, болашақ егінге зиян келтіреді. Өкінішке орай, біздің  облыс бойынша мұндай агроқұрылымдар бар, мысалы: Ақжайық ауданы бойынша – «Кенжалиев» ШҚ (Кенжалиев Н.М. - 6614 га), «Бағыттар»ШҚ (Айдашев Б. - 10000 га), Бәйтерек ауданы бойынша – «Кристина» ШҚ (Малхасян А.О.-2885 га ), «Турсун и К» ЖШС (Десумбаев Б.К.-2000 га), Жаңақала ауданы бойынша – «Рейн» ШҚ (Имашев Э. Т.-5600 га), Қаратөбе ауданы бойынша – «Жохар» ШҚ (Сердалин С.Е. -2000 га), «Тіни» ШҚ  (Түлекпаев С.Т.-1600 га), «Асыл Қадыр»  ШҚ (Кошкинбаев С.Т.-3500 га), Тасқала ауданы бойынша – «Жаппас» ШҚ (Гумаров К.Х.-646 га), «DSB-агро» ЖШС (директор Сұлтан У.-2000 га).

Жер учаскелері пайдаланылмаған жағдайда – мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алынады, ал жер пайдаланушылар жосықсыз жер пайдаланушылар тізіліміне енгізіліп, үш жыл бойы жер учаскелерін табыстау бойынша өткізілетін конкурстарға қатыса алмайтын болады. Сондықтан, жерді игеріп, жұмыстануға, облыс экономикасына үлесін қосуға ниеттенген жер пайдаланушыларға беру мақсатында жерлерін игеруге және мақсатты пайдалануға денсаулығы, немесе қаржылық мүмкіндіктері жоқ агроқұрылымдарды жер учаскелерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтаруға шақырамыз.

 

2019 ж. 27. 12.