Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

2019 жылғы 11 ай бойынша

жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен өтініштердің

ТАЛДАУЫ

 

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) 2019 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен өтініштеріне талдау жүргізілді.

Осылайша, 2019 жылдың 11 айы бойынша Басқармаға жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен 88 (2018 – 68) өтініш келіп түсті, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 129,4%-ға көп. Оның ішінде өтініш – 81 (2018 – 62), шағымдар – 0 (2018 – 0), сұранымдар – 7 (2018 – 5), ұсыныстар – 0 (2018 – 1) және жауап – 0 (2018 – 0).

Келіп түскен өтініштердің санынан Басқармамен басқа органдарға жіберілді – 5 өтініш, қаралды – 83 өтініш, орындау үстінде – 0.

Қарау қорытындысы бойынша түсініктеме берілді – 72, қанағаттандырылды – 9, бас тартылды – 1, тоқтатылды – 1.

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша Басқармаға шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қарау бойынша бұзушылықтар болған жоқ.

Өтініштердің басым бөлігі жер құқықтық қатынастар туралы мәселелерді құрады, олар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Басқарманың қызметкерлері азаматтардың өтініштерімен жұмысты үнемі жетілдіреді. Осы уақытқа дейін өтініштермен жұмыстың олардың келіп түсуінен бастап бақылауға алынуы және қабылданған шешімнің орындалуы бойынша нақты жүйесі жасалды.

Айта кету керек, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасы талаптарын сақтауы олардың мәселелерін уақтылы және сапалы қарауына және шешуіне ықпал етеді.

 

 

Әкімшілік бөлімінің басшысы                                Ә.Халидуллина