Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының барлық қалаларында бір уақытта «Халық заңгері» атты кең ауқымды республикалық науқаны өтеді!

 

 

Адвокаттар, заңгерлер және мемлекет өкілдері заң төңірегінде сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді  және заң саласында бағыт-бағдар көрсетеді.Біз, құқықтық көмекке мұқтаж азаматтардың барлығын күтеміз!Науқан Орал қаласында келесі мекен-жайда өтеді: Қадыр Мырза Әлі атындағы шағын ауданы, 18-үй, Оқушылар және жастар сарайы. 22 қараша 2019 жылы сағат 17:00-де басталады.

КІРУ ТЕГІН!

«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «zakon.kz» интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі ұйымдастыруымен еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдауымен өтуде.