Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

#PARABERME (ПАРА БЕРМЕ) АТТЫ ЧЕЛЛЕНДЖІН ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!


 «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында, облыс тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптастыру, адалдық, парасаттылық принциптерін ұстануға шақыру мақсатында #PARABERME челленджін бастаймыз.


 Қатысу үшін:

- Өзіңізді #PARABERME (#ПАРАБЕРМЕ ) деген жазуы бар тақтайшамен немесе қағаз парақшамен фотоға түсіріңіз;

- Фотоны әлеуметтік желіге жариялап, астына #PARABERME хэштегін жазыңыз;

- Фэйсбук қолданушыларына осы мақсатта жасалған арнайы рамканы қолдануды ұсынамыз.


 ТЫС ҚАЛМАҢЫЗ, ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ҚАТЫСЫП, БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЕКЕНІҢІЗДІ КӨРСЕТІҢІЗ!