Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

 

2019 жылдың 13 қыркүйегінде Орал қаласында цифрландыру және инвестициялар бойынша Digital InWest форумы өтті.

 

БҚО әкімдігі цифрлық технологияларды мемлекеттік органдардың жұмысына сәтті енгізуде. Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылуда, мысалы, «жер учаскесін таңдау актісін келісу», «алдын-ала жобаны келісу», жер аукциондары онлайн режимінде және т.б. Bitrix24 платформасында барлық әкімдік жобалары үшін жобалық кеңсе бар, жыл соңына дейін геоақпараттық жүйе және «112» қызметі (жедел қызметтердің бірыңғай диспетчерлік кеңсесі) жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

 

Геоақпараттық ақпараттық жүйенің таныстырылымын БҚО жер қатынастары басқармасының өкілдері жүргізді.

 

Форум төрт секция бойынша жалғасты: Smart City-ті дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және өнеркәсіпті цифрландыру (Индустрия 4.0), инновациялық экожүйені дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру. Әр бөлімде отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері сөз сөйледі, B2B кездесулері өткізілді.

 

2019 ж. 13.09. жарияланды.