Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

#Birge#TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын қолдау мақсатында 2019 жылдың 27 шілдесінде облыс әкімдігінің басшылығымен Басқарманың қызметкерлері басқа мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесе отырып, «Таза жағалау» облыстық экологиялық акциясына белсенді қатысты.

Акция аясында Жайық, Сарыөзен мен Қараөзен, Шаған, Деркөл, Елек, Шыңғырлау, Шалқар, Еділсор көлдерінің жағалаулары тұрмыстық жəне басқа да қоқыстардан тазартылады.

 

2019 ж. 28.07. жарияланды.