Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

 

2019 жылдың 17 шілдесінде Басқарманың жер кадастры бөлімінің басшысы А.Амангелдиева және Басқарманың бас маман-заңгері М.Тілепов «AQJAI'YQ» телеарнасының «Ел алдында» атты бағдарламасына қатысты. Бағдарламада облыс аумағында пайдаланылмайтын жерлерді және жер заңнамасын бұзып пайдаланып жатырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, сондай-ақ осы жерлерді нарық айналымына енгізу бойынша Басқарманың қызметі туралы мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, www.zem.kz электрондық порталдың тиімді жұмысы, соның ішінде коммерциялық мақсаттағы жерледі электрондық аукциондар арқылы өткізу, порталдағы қолжетімді ақпарат және т.б.

 

Бағдарлама шеңберінде басқа да маңызды тақырыптар қозғалды, сондай-ақ тікелей эфирде телефон қоңыраулары арқылы азаматтардан келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

 

2019 ж. 22.07. жарияланды