Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

2019 жылдың 4 шілдесінде БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Л.Т.Корсакованың төрағалығымен және Кәсіпкерлер палатасы, Медиаторлар одағы және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел дауларды шешу: дауларды бейбіт жолымен шешу, Кәсіпкерлер палатасына түскен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің өтініштерін шешу, тәжірибе: дауды шешу жолдары мен әдістері, талқылау және қорытындылау тақырыптарын қамтыды.

Шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

 

2019 ж. 04.07. жарияланды