Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

2019 жылдың 12 маусымында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Е.Рашкалиевтің төрағалығымен және  БҚО Жер қатынастары басқармасының, БҚО Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының, аудандық және қалалық жер қатынастары бөлімдері  өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.


Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы №217-VІ Заңы шеңберінде қайта қаралған мемлекет мұқтаждығы үшін жер учаскелерін алып қою тетігі және жер қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу  тақырыптарын қамтыды.


Шара барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

2019 ж. 12.06. жарияланды