Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

 

2019 жылдың 28 мамырында Орал қаласында (облыс әкімдігінің ғимаратында) облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Н.Есқалиевтің төрағалығымен өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын іске асыру шеңберіндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 2018 жылы жер қойнауын пайдаланушылар аударатын облыстың әлеуметтік объектілеріне ақша қаражатын пайдалану мәселесі талқыланды. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, «КПО б.в.», «Жайықмұнай» ЖШС, «УралОйлЭндГаз» ЖШС компанияларының өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

 

2019 ж. 29.05. жарияланды