Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

БҚО-да бос жер телімдері электронды аукцион арқылы сатыла бастады



2019 ж. 06.02.

 

 

Батыс Қазақстан облысында елімізде бірінші болып бос жер телімдері электронды әдіспен сатылымға шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

 

Енді кәсіпкерлер үйінде отырып-ақ аукционға қатыса алады. Электронды бәссаудалар былтырдан бері Ақжайық, Бөрлі, Казталов, Тасқала аудандарында ұйымдастырылған.

 

Жер телімдерінің аукционда сатылуы облыс үшін жаңалық емес. Соңғы үш жылда бизнеске арналған жерлер бәссауда арқылы иесін табуда. Ал осы аукциондардың аудандарда әрі электронды түрде өткізілуі көптің қызығушылығын туғызғаны рас. «Енді үйде отырып-ақ өзің қалаған жерді саудалауға болады», – дейді теректілік кәсіпкер Руслан Жұмағалиев. Ол жуырда дүкен салуға қажетті жер телімін тың тәсілмен алыпты.

 

Руслан Жұмағалиев, Теректі ауданының тұрғыны:

 

- Бұрын жер алу қиын болды. Мысалға, әкімдікке барамыз, анда барамыз, мында барамыз. Кезекке тұрып алып жүрдік. Қазір интернетпен жақсы болды. Ешқайда жүгірмейсің, үйден қарап отырасың. Құжаттың бәрін әзірлеп береді. Өңірде өткен жылы 18 аукционда 103 жер телімі сатылса, соның үштен бірі zem.kz порталы арқылы жүзеге асқан. Аталған порталда бос жатқан жер телімдерімен қатар конкурсқа ұсынылатын ауылшаруашылық жерлері де белгіленген. Жеке тұрғын үй кезегіндегі азаматтар тізімдері мен өзге де мәліметтер көрсетілген.

 

Жұматай Ашықбаев, облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

 

- zem.kz деген портал – Қазақстан бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалған шара. Енді бірінші ыңғайлылығы әрбір азамат немесе заңды тұлға, электрондық қолтаңбасы бар болса, сайтқа тіркеліп,  аукционға қатыса алады.

 

Аукцион ұйымдастырудағы мақсат – қазынаны толтыру ғана емес, жер телімдерін беруде барынша ашықтықты қамтамасыз ету. Бүгінде осы мақсатқа қол жеткізгендей. Егер 2017 жылы кәсіпкерлер палатасына келіп түскен арыз-шағымның 37% жерге қатысты болса, былтыр ол көрсеткіш 17% азайған. Кәсіпкерлердің ендігі сұрайтыны – бас жоспарға сай жаңа ықшамаудандардағы жер телімдері көрсетілуі.

 

Нұржан Мақсотов, БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

 

- Тек қана бізде облыс орталығы және бұрынғы ескі аудандар бойынша бос жер учаскелері ғана көрсетілген. Ендігі кезекте қарқынды дамып келе жатқан, жаңадан құрылып жатқан аудандар бойынша бос жер учаскелері, олардың инфрақұрылымы, инженерлік жағдайы мен сонымен қатар жоспарларын нақтыланған түрде көрсету жөнінде ұсыныстар керек.

 

Өткен жылы 27 мың заңды және жеке тұлға zem.kz порталынан қажетті ақпарат алған. Ал биыл аудандардағы аукциондардың басым бөлігін электронды түрде өткізу жоспарланған.

 

Дереккөз: www.24.kz