Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс 2018 жылы «30»  қазан  сағат 15.00-де Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Х.Достығы көшесі №44 мекен-жайы әкімшілік ғимаратында өтеді. Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерінің сызбасы, конкурстың ережесі, конкурсқа қатысу үшін өтінімі және жер учаскесінің жалға беру шарты үлгілерін БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Д.Нүрпейсова көшесі,  №29 мекен жайындағы «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен тікелей алуға болады.(бай.тел 8-711-41-21-8-92).

 

Жер учаскесінің талаптары мен шарттары: жердің құнарын төмендетпей нысаналы мақсатына сәйкес тиімді пайдалану қажет. (жерді пайдалану талаптары мен шарттары жалға беру келісім шартында толық көрсетілген).

 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі

 

Лот №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, га

 Соның ішінде:

Нысаналы мақсаты

Жалға беру мерзімі
(жыл)

жайылым

шабындық

   

1-лот

Мастексай а/о

Жұбан

482

482

 

Шаруа жұмысын жүргізу

10

2-лот

Пятимар а/о

Қаратапау

500

500

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

3-лот

Пятимар а/о Аққұс

400

322

78

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

4-лот

Пятимар а/о Әлімбек 1

900

900

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

5-лот

Пятимар а/о Әлімбек 2

400

220

180

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

6-лот

С.Меңдешев а/о

Онпішен

220

220

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

7-лот

Жаңақазан а/о Әли

400

400

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

8-лот

Жаңақазан а/о Қатия

500

500

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

9-лот

Жаңақазан а/о Бармақмола

500

500

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

 10-лот

Көпжасар а/о Айғожа

500

500

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

 10

11- лот

Жаңажол а/о Тоқсоба

400

400

 

Шаруа қожалығы жұмысын жүргізу

10

 

Барлығы

5202

4944

258

 

 

  

Конкурсқа қатысу талаптары мен шарттары

 

Конкурсқа қатынасушы ретінде тіркелуі үшін тұлғаны куәландыратын құжат және конкурстық өтінім ұсынылады. Конкурстық өтінімінде мынадай мәліметтер болуы тиісті:

 

Заңды тұлғалар үшін:

 

1) Қатысушы еркін нысанда ұсынатын бизнес-жоспары немесе жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы;

 

2) Кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының тиісті салаларында мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс өтілі көрсетілген, кем дегенде екі маманы болуы туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;

 

3) Ауыл шаруашылығына қажетті ауыл шаруашылығы машиналарының болуы туралы (бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесін ұсыну;

 

Жеке тұлғалар үшін:

 

1) Қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе құрылатын жұмыс орындарының саны,  ерікті нысандағы жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының (немесе ниеттер хаттамасының) көшірмесін ұсыну;

 

2) Білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс өтілі туралы мәліметтері бар өмірбаяны.

 

3) Конкурстық өтінім өшпейтін сиямен қатысушымен басылып немесе жазылып, тігілген түрде нөмірленген беттерімен ұсынылады және соңғы беті жеке тұлға үшін- қатысушының қолымен, ал заңды тұлға үшін- бірінші басшысының (сенім жүктелген тұлғаның) қолымен және мөрімен куәландырады.

 

4) Қатысушы конкурстық өтінімді конвертке салып мөрлейді, онда мына деректерді көрсетіледі:

 

өзінің атауы және мекен жайы;

 

конкурсты ұйымдастырушының, оның мекен-жайы және «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс «және» (ашудың нақты күні мен уақыты) 2018 жылдың 30 қазаны сағ 1500 дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

 

Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға соңғы қабылдау мерзіміне дейін қолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.

 

Өтінімдерді қабылдау конкурс өткізуден үш күн бұрын аяқталады. Мекен жайымыз: БҚО,Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Д.Нүрпейсова көшесі,№29 «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі. Анықтама үшін телефон-(8-71141) 21892.

 

Конкурстық өтінімдерді  ашу уақыты  Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы,  Х.Достығы көшесі №44, 2018 жылы «30»  қазан  сағат 15.00  әкімшілік ғимараты.