Басқарманың ережесі

2016 жылғы 10 қазандағы №304
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы»  мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға
құқығы бар.
7. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада
белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090006, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Батыс Қазақстан облысы аумағында жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
15. Міндеттері:
Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
16. Функциялары:
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-
зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал
зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
5) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
6) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
11) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және
жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
13) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
16) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
2) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жер пайдалану мен қорғау мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұрату және алу;
3) өзінің құзыреті мен өкілеттігі шегінде мемлекет меншігіндегі мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;
4) өзінің заңды мәртебесінен және осы Ережеден туындайтын басқа да құқықтар, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігі жүктейтін құқықтар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге
асыруға дербес жауапты болады;
2) «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдер басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан
өкілдік етеді;
9) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық
қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті
және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы»  мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Басшының блогы

Жұмыс регламенті

дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

Келермендердің статистикасы

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін сайтқа кіргендер:332
mod_vvisit_counterАптаға келушiлерi:1602
mod_vvisit_counterАйына сайтқа кіргендер саны:5273
mod_vvisit_counterБарлық қолданушылар:182389

Күнтізбе

«110 қауырт желісі»
Террористік қауіптілікпен
байланысты хабарларды
қабылдау үшін