2015 жыл бойынша жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп

1.Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының 2011-2015, 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасы (Бұдан әрі – АДБ) дайындалды.

«Ауылдық аумақтарды дамыту, Экология және жер ресурстары» АДБ-ның 4 бағытына сәйкес «Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің жалпы көлемінен жерлерді ауылшаруашылық айналымға тарту үлесін арттыру» жөнінде мақсатты индикаторларға сәйкес облыс бойынша 2015 жылы ауылшаруашылық айналымға 330,0 мың га жерлерді тару көзделген болатын, қазіргі кезде жаңадан ашылған агроқұрылымдарға жерлер беру нәтижесінде айналымға – 357,1 мың га жерлер тартылып отыр.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №17-36/06-88 (п.1.2.1,1.2.2,1.2.4) тапсырмасына сәйкес «Елді мекеннің базалық ставкаларын, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын, жоспарлау жобаларын және  Бас жоспарларын әзірлеу бойынша жол картасы» (Бұдан әрі - Жол картасы) дайындалды.  Жол картасы бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №79 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы №23-2 бірлескен шешімімен (Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 сәуірде №3903 тіркелген) облыстың 435 ауылдық елді мекендері үшін жер учаскелерін жеке меншікке берген кездегі базалық төлемдік ставкалары бекітілді.
Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 қазандағы №43 тапсырмасына сәйкес әзірленген Жер пайдалану саласындағы проблемаларды шешу жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді іс-шаралар жоспары бойынша Батыс Қазақстан облысында 2012-2014 жылдары жүргізілген ауылшаруашылық алқаптарды түгендеу жұмыстары нәтижесімен тиісті шаралар алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы анықталып пайдаланылмай жатқан 297,3 мың га жер учаскелерінің - 150,5 мың га  мемлекет меншігіне қайтару шаралары алынып, 42,5 мың га жерді, оның ішінде 1,9 мың егістік және 28,6 мың га жайылым қайтадан ауылшаруашылық айналымға тарту қолға алынды.

Түгендеу жұмыстары шеңберінде көлемі 22,8 мың га төменгі құнарлылықтағы егістікті басқа алқап түрлеріне ауыстыру ұсынылған, оның 22,6 мың га жайылымдарға, ал 0,2 мың га шабындықтарға. Бірақ осы бағытта жер пайдаланушылардан өтініш түспеуіне байланысты алқаптарды басқа түрлерге ауыстыру процессі жүргізілмей отыр.

2014-2016 жылдарға арналған Кешенді іс-шаралар жоспары бойынша жер қатынастары саласындағы проблемаларды шешуде басты болып жерлерді өз бетінше басып алу фактілеріне қатысты болса, біздің облыста осындай фактілер күні бүгінге тіркелген жоқ.
Жер қатынастары жөніндегі облыстық уәкілетті органы тарапынан аудандық қалалық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың басшылары мен мамандары және Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі Департаменті қызметкерлерін, Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлерді пайдалануы және қорғауын бақылау басқармасының басшыларының қатысумен жер заңнамаларына енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жұмыстарын жүргізу бағытында облыстық және аудандық атқарушы органдардың бірлескен іс-қимылдары бойынша семинар-кеңестер өткізіліп отырады. Мысалы, осындай отырыс 2015 жылдың 31 шілдесінде өткізілді, оған жоғарыда аталған органдар қызметкерлері, «ЖерҒӨО» РМК Батыс Қазақстан облысы филиалының, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері  қатыстырылды. Осы отырыста басқалармен қатар, 100 нақты қадам Ұлт жоспары бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.

2.Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдарымен 2015 жыл бойынша келесі нормативтік құқықтық актілер қабылданды:

«Батыс Қазақстан облысы бойынша жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 маусымдағы №160 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде  №92657 тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілген, соның ішінде: «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»; «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру  жобаларын бекiту»; «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»; «Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру»; «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру».

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10-бабына сәйкес «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №31 бірлескен қаулысына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №79 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 23-2 бірлескен қаулысы мен шешімімен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде №89193 тіркелген) облыстың 435 ауылдық елді мекендері үшін жер учаскелерін жеке меншікке берген кездегі базалық төлемдік ставкалары бекітілді.

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс. Сонымен бірге, аталған Заңмен уәкiлеттi органдардың өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүзеге асыруға және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдауға мiндеттiлігі белгіленген. Осыған орай, төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiні жоғары деңгейдегiге сәйкестендіру мақсатында, «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 сәуірдегі №17-2 «Орал қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен аймақтарының шекарасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-6 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының  шешімі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде №97854 тіркелген) қабылданды.

Бұдан тыс, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жергілікті өкілді органдар жергілікті атқарушы органдар тарапынан түскен ұсыныстар негізінде жер заңнамасын басшылыққа ала отырып, пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы жерлеріне жер салығының базалық төлемдік ставкаларын 10 есеге дейін көтеруге құқылы екендігі белгілі. Осы орайда, Батыс Қазақстан облысында пайдалануға берілген, бірақ пайдаланылмайтын жерлерде жер салығын көтеру жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, барлық аудандарда жергілікті атқарушы органдар тарапынан түскен ұсыныстар негізінде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне жер салығын базалық төлемдік ставкаларын 10 есеге көтеру туралы шешімдері қабылданды.

Ауданның/облыстық маңызы бар қаланың атауы

Актінің нөмірі

Актіні қабылдау датасы

1

Ақжайық

№32-3

10.11.2015 г.

2

Бөкейорда

№27-3

22.12.2015 г.

3

Бөрлі

№30-3

29.09.2015 г.

4

Жәнібек

№39-2

24.11.2015 г.

5

Жаңақала

№29-6

14.08.2015 г.

6

Зеленов

№37-1

04.11.2015 г.

7

Казталов

№37-1

03.11.2015 г.

8

Қаратөбе

№38-1

30.12.2015 г.

9

Сырым

№32-2

12.11.2015 г.

10

Тасқала

№34-2

22.09.2015 г.

11

Теректі

№30-2

05.11.2015 г.

12

Шыңғырлау

№34-2

23.07.2015 г.

13

Орал қаласы

№37-3

22.09.2015 г.

Бұдан тыс, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағына сәйкес өз құзіреті шеңберінде облыстың жергілікті атқарушы органы жер учаскесіне құқық беру жөніндегі 65 құқықтық актілерін (қаулыларын) қабылдаған.

3.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қосқанда өңірдегі жерлердің жалпы сипаттамасы

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15133,9 мың га, батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, шығысында Ақтөбе және оңтүстігінде Атырау облыстарымен шекаралас жатыр.

Шекараның ұзындығы 2423 км құрайды, оның ішінде жалпы Ресеймен – 1532,1 км, соның ішінде: Астрахань – 79 км, Волгоград – 208 км, Саратов – 685 км, Орынбор – 560 км, Самара – 0,1 км, сондай-ақ,  Ақтобе облысымен – 235 км, Атырау облысымен 656 км – Қазақстан бойынша барлығы – 891 км.

Қазіргі уақытта, облыстың әкімшілік-аумақтық орналасу жүйесіне 12 әкімшілік аудандар, 148 ауылдық округтер 3 кент, бір облыстық маңызы бар қала (Орал қ.) және бір аудандық маңызы бар қала (Ақсай қ.), 443 ауылдық елді мекендер, барлығы 448 елді мекендер кіреді.
Былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда аудан, ауылдық округтер, кенттер және қалалар саны өзгеріссіз қалды, тек Зеленов ауданы Усихино ауылының таратылуына байланысты, елді мекендер саны – 1 ауылға қысқарды.

Аумақтардың мөлшері бойынша облыс аудандарының айтарлықтай айырмашылықтары бар. Аумағы ең ірі аудан Ақжайық – 2571,6 мың га, ең кішкентай аудандар Шыңғырлау – 723,0 га, және Бөрлі – 556,6 мың га.

Көлемі 1465,1 мың га. жер Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығына (әскери полигон) ұзақ мерзімді жалға берілген.

Алқаптар бойынша жер қорының құрамы

2015 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша облыстың жер қоры 13668,8 мың  га. Оның басым бөлігі 12777,3 мың га (93,5%) ауылшаруашылық алқаптарымен ерекшеленсе, бұлардың басым көпшілік бөлігі табиғи жайылымдар.

Жер қорының алқаптар бойынша бөлінуі

Алқаптар түрі

Көлем, мың га

оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

көлем, тыс. га

%

Жердің жалпы көлемі

13668,8

5753,5

42,0

оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары:

12777,3

5704,7

44,6

егістік

538,1

537,9

99,9

көпжылдық екпелер

2,7

1,7

62,9

тыңайған жер

1121,6

455,5

40,6

шабындық

1008,2

352,2

34,9

жайылым

10102,9

4355,9

43,1

Бау-бақша, қызметтік телімдер

3,8

1,5

39,5

Басқа да алқаптар

405,6

29,3

7,2

2015 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде егістік көлемі 537,9 мың га құрайды. 2014 жылмен салыстырғанда егістік 22,2 мың га көбейген. Тыңайған жерлер 2014 жылмен салыстырғанда 56,0 мың га қысқарып есепті кезеңде – 455,5 мың га құрады.

Көпжылдық екпелер 1,4 мың га, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,1 мың га қысқарған.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер құрамындағы шабындақтар – 352,2 мың га құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда 11,7 мың га ұлғайған.

Жайылымдар 2015 жылы 4355,9 мың га құрап, өткен жылға қарағанда 257,7 мың га артқан. Жалпы алғанда, агроқұрылымдарға берілген ауылшаруашылық алқаптар көлемі 5704,7 мың га болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 235,5 мың га өскен. Жайылымдар облыста алқаптардың басымдылық бөлігін алып жатыр, олардың көлемі – 10102,9 мың га немесе 73,9% ауылшаруашылық алқаптар. Бұл жерде жалпы жайылым көлемінен суландырылған жайылымдар көлемі 3732,1 мың га немесе 87%.
Босалқы жер құрамында қазіргі кезде 3556,8 мың га жайылымдар (68%) бар.

Басқа санаттағы жерлерден жерлерді беру салдарынан босалқы жерлер көлемі 239,8 мың га азайып кетіп, қазір 5248,1 мың га құрап отыр.

Облыс бойынша тұрақты суландырылатын жерлер көлемі 55,8 мың га құрайды;
Көл табандары суландыру жерлерінің көлемі 256,0 мың га;
Елді мекендер жерлерінің көлемі 2323,7 мың га;
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауылшаруашылық мақсатындағы емес жерлер – 39,6 мың га көлемде орналасқан;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері 12,4 мың га;
Орман қоры жерлері 216 мың га;
Су қоры жерлері 75,5 мың га.

Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлердің жалпы көлемі және бөлінуі

 

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Жалпы жер көлемі

15133,9

15133,9

15133,9

15133,9

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

4945,5

5271,8

5516

5753,5

Оның ішінде

 

 

 

 

Шаруа (фермер) қожалықтарының

3883,6

4268,5

4662,0

4864,7

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жері

982,7

921,9

775,4

800,5

Мемлекеттік заңды тұлғалардың жері

73,6

75,8

73,0

82,7

Азаматтардың бағбандық және саяжай құрылысы үшін арналған жерлері

5,6

5,6

5,6

5,6

Елді мекен жерлері

2333,0

2323,6

2323,8

2323,7

Өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер

37,1

37,7

37,9

39,6

Орман қоры жерлері

215,0

215,5

215,3

216

Су қорының

75,5

75,5

75,5

75,5

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері

12,4

12,4

12,4

12,4

Босалқы жер қоры

6048,6

5732,6

5487,9

5248,1

4.Құнарлылығы төмен егістік жер учаскелері, жақсартылған жайылымдар және олардың жағдайы

2012-2014 жылдары жүргізілген түгендеу жұмыстарының қорытындысымен облыста 22,8 мың га құнарлылығы төмен егістік жерлер анықталған, олардың 22,6 мың га жайылымдық жерлерге,ал 0,2 мың га шабындыққа ауыстыру ұсынылды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті тарапынан осы түгендеу жұмыстары нәтижесімен (2012-2014ж.ж.) жерлерді ауылшаруашылық айналымға тарту мәселесіне қатысты жерлерді пайдалануды жақсарту жөніндегі Ұсынбалар берілді.

Осы ұсынбаларға сәйкес 2015 жылғы 11 ақпанда басқарма тарапынан жергілікті атқарушы органдарға №3-03-08/159 хаттар жолданып, онда төменгі өнімді егістік жерлермен тыңайған жерлерді жақсартылған шабындықтар мен жайылымдық жерлерге ауыстыру қажеттігі ұсынылды. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар жер пайдаланушыларға ескертпелер жолдап жиналыстар өткізді, онда төменгі өнімділіктегі егістік жерлер мен тыңайған жерлерді басқа түрлерге ауыстыру қажеттігі аталды. Бірақ күні бүгінге жер пайдаланушылардан осындай жерлерді ауыстыру жөнінде өтініштер түскен жоқ.

2012-2014 жылдары ауыл шаруашылық алқаптарға жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесімен жақсартылған жайылымдар көлемі 24,7 мың га, оның ішінде 12,2 мың га жай-күйі қанағаттандырарлық, 12,5 мың га қанағаттандырғысыз күйде екені белгілі болды.

5.2013-2015 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша салыстырмалы талдау

№ р.п.

Ауданның/облыстық маңызы бар қаланың атауы

Барлық жерлер, мың га

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

Ақжайық

1023,7

1084,3

1122,0

2

Бөкейорда

316,4

378,6

410,5

3

Бөрлі

259,3

226,5

215,7

4

Жаңақала

632,9

729,3

831,4

5

Жәнібек

294,0

310,2

295,8

6

Зеленов

497,6

502,5

500,9

7

Казталов

493,1

562,4

607,4

8

Қаратөбе

249,0

250,2

256,0

9

Сырым

552,7

518,3

530,6

10

Тасқала

290,7

278,9

326,9

11

Теректі

419,5

432,7

427,6

12

Шыңғырлау

193,5

193,3

179,7

13

Орал қаласы

49,4

48,8

49

Барлығы:

5271,8

5516

5753,5

6.Ауылшаруашылық айналымға енгізілген ауылшаруашылық алқаптар

Бағбандық және саяжай құрылысы үшін азаматтарға берілген жер учаскелерінің саны 2015 жылы 5,6 мың га өткен жылмен салыстырған өзгеріссіз қалып отыр.

2015 жылы шаруа қожалықтарының саны 4676 берілген жерлердің көлемі 4864,7 мың га, өткен жылмен салыстырғанда мына өзгерістерге ұшырады:
Жаңадан құралған шаруа қожалықтар саны – 370, жұмыс жасап тұрған шаруа қожалықтарына – 650,1 мың га жерлер берілген, осылармен қатар 227 шаруа қожалық өз жұмысын тоқтатқан, осылардың және өз жер учаскелерінен бас тартқан жер пайдаланушылар есебінен босалқы жерлер есебіне – 447,4 мың га жерлер қайтарылған.

Мемлекеттік емес тауар өндірушілер саны – 158 жерлер көлемі 800,5 мың га, жаңадан құрылған – 9 және жұмыс жасап жатқан тауар өндірушілерге жалпы көлемі 47,5 мың га, өткен жылмен салыстырғанда 7 тауар өндірушіге азайған, жерлер көлімі 22,4 мың га қысқарған.

Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар – 8 тауар өндірушіге артқан, жерлері 47,1 мың га, сондай-ақ 7 серіктестік қысқарған ал жерлері -22,4 мың га азайған.

А/ш кооперативтер саны – 1 көбейген, тиісінше жерлері де – 0,4 мың га көбейіп -64,5 мың га болған.
Басқа а/ш емес кәсіпорындар саны өткен жылмен салыстырғанда өзгермеген.
2015 жылы ауылшаруашылық мемлекеттік кәсіпорындар саны – 58 болды, жерлер көлемі 82,7 мың га, оның ішінде:

  • а/ш ҒЗИ мен оқу орындары саны – 2 азайған, жерлер көлемі – 9,7 мың га көбейген.
  • Қосалқы шаруашылықтар саны 2015 жылы өзгеріссіз қалған.
  • Басқа мемлекеттік а/ш кәсіпорындар саны 2015 жылы өзгеріссіз қалған.

7.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің сауда саттығын (конкурстарын) өткізу бойынша

2015 жылы қаржы бөлінбеуіне байланысты ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сату немесе жер учаскесіне жалдау құқығын беру жөнінде конкурстар өткізілген жоқ. Облыста тек  Сырым ауданында 1 аукцион өткізілді, бұл ауылшаруашылық мақсатындағы емес жерлердегі 1 жер учаскесі, жалпы ауданы 0,0024 га, бастапқы баға 6156 теңге болса, ақырғы қорытынды баға 961623 теңгені құрады. Бірақ бұл ретте жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданбай қалды, себебі аукцион жеңімпазы жер учаскесін сатып алудан бас тартқан. Осылармен қатар, Сырым ауданында жоспарланған 2 аукцион өткізілмей қалды, мұнда жер учаскесін иеленуге өтініштер түскен жоқ.

8.Егістікте танап ауысу түрлерінің болуы мен негізгі ауылшаруашылық

дақылдарды орналастыру

2015 жылы облыста ауылшаруашылық дақылдар 488,2 мың га құрады, бұдан тыс 110,5 мың га (немесе егіс көлемінің 22,6 %) пар (сүр) өңделді, барлығы – 598,7 мың га пайдаланылды. Оның ішінде 260,1 мың га дәнді дақылдар мен бұршақ түсті дақылдар, 50,1 мың га майлы дақылдар, 166,3  га азықтық дақылдар және 11,6 мың га картоп және көкөністер. 2015 жылы егілген 488,2 мың га жерлерде танап ауысу жүйесімен 209,4 мың га (42,9%), яғни далалық танап ауысу жүйесі бойынша – 197 мың га, 10,2 мың га азықтық танап ауысу жүйесі және фермааралық танап ауысу жүйесімен 2,2 мың га.

2015 жылы облыс бойынша миниралдық тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштардан тыс) құнын арзандату жөніндегі бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 719,7 тонна арзандатылған тыңайтқыштар сатып алынған, бұл былтырғы жылдан 134,5 тоннаға (23%) артық – 588,2 тонна.
2015 жылы аталған көлемдегі тыңайтқыштар құнын арзандату үшін 24,8 млн.теңге бөлінген. 2014 жылы 21,3 млн. теңге игерілді.
Былтырғы жылы ауылшаруашылық дақылдарын химиялық өңдеуден өткізу өсімдіктерде қорғау мақсатында гербицидтер құнын субсидиялау  үшін бюджеттен – 10,7 млн. теңге бөлінді, осыдан 10,2 мың кг (литр) гербицид сатылып алынды.

9.Суармалы жерлер

2015 ж. 01.11. жер балансының деректеріне сәйкес облыстағы тұрақты суармалы жерлер көлемі 55,8 мың га, көлтабандар көлемі 256 мың га.

Қолданыстағы жерлердің пайдаланушыларға берілгені 30,0 мың га, оның ішінде 17,0 мың га шаруа қожалықтарына берілген, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға 13,0 мың га берілген.

Көлтабан жерлер 133,9 мың гектардың – шаруа қожалықтарында- 108,5 мың га мемлекеттік емес заңды тұлғаларда - 25,3 мың га, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғаларда – 0,1 мың га берілген.

Облыс бойынша коммуналдық меншікте 27, республикалық меншікте 11 су қоймасы бар. Қазіргі кезде мал азығын өндіруді дамыту үшін көлтабандап суарудың маңызы зор. Алайда көлтабандап суару жүйесінің 63,5% суаруға жарамсыз. Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында Батыс Қазақстан облысында 2014 жылы жергілікті бюджет қаражатынан 7,62 млн. теңгеге қалпына келтіру жөніндегі жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. «Қаратөбе ауданының Қалдығайты көлтабандап суару жүйесін қалпына келтіру» нысанына - 2,62 млн. теңге, «Сырым ауданының Өлеңті көлтабандап суару жүйесін қалпына келтіру» нысанына 5,0 млн. теңге.

2015 жылы жергілікті бюджеттен 86,33 млн. теңге көлемінде қаражат қаралып, «Қаратөбе ауданының Қалдығайты көлтабандап суару жүйесін қалпына келтіру» нысаны бойынша жобаны жүзеге асыру жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында 2014 жылы «Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ұзынкөл ауылындағы Барбастау су қоймасының бөгет ағаштары мен су түбіндегі бекітпелерді күрделі жөндеу» нысаны бойынша 5,0 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. 2015 жылы жергілікті бюджеттен 81,7 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

10.Тыңайған жерлердің басым көлемдеріне қатысты

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер құрамындағы жыртынды жерлердың жалпы көлемі 993,4 мың га, оның ішінде егістік – 537,9 мың га, тыңайған жерлер 455,5 мың га құрайды.

Бұл жерде жыртынды жерлерді пайдалану негізгі астық себуші аудандарда жүзеге асырылып келеді, Сырым ауданында пайдаланымда 72,3 мың га жыртынды жерлер бар, осының 19,2 мың га пайдаланылады., Бөрлі ауданында 135,6 мың га болса, оның 71,1 мың га, Теректі ауданында 205,4 мың га болса, оның 109,8 мың га, Тасқала ауданында 89,9 мың га жердің 34,4 мың га, Зеленов ауданында 353,6 мың га болса оның 258,2 мың га пайдаланылады.

2012-2014 жылдары ауылшаруашылық алқаптарға жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесімен Батыс Қазақстан облысының аумағында 537,5 мың га тыңайған жерлер бары анықталып отыр. Сондықтан осы жерлер бойынша тиісті топырақ-мелиоративтік сипаттама беріліп және оларды одан әрі пайдалану тәртібі бойынша ұсынбалар өз кезегінде жергілікті атқарушы органдарға жеткізілді.

Анықталған тыңайған жер учаскелері - агроқұрылымдарға пайдалануға берілген жерлер. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 98-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге аудару жөніндегі жұмыстар меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өтініші негізінде және олардың өз қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдарға жер пайдаланушылардан жоғарыда аталған тыңайған жерлер бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге аудару жөнінде өтініш түскен жоқ.

Бұл ретте, жылдық есепке сәйкес 2015 жылы облыс бойынша егістік жерлердің көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 515,7 мың гектардан 537,9 мың гектарға (немесе 4,1%-ға) артып, тыңайған жерлердің көлемі 511,5 мың гектардан 455,5 мың гектарға (немесе 10,9%-ға) азайғанын атап өткен жөн.

Пайдаланбай жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерде жер салығының жоғаралытылған ставкасын қолдану жөніндегі өкілді органның шешімдері барлық аудандар мен облыс орталығында қабылданды.

11.Жер учаскелерін коммерциялық мақсаттар үшін пайдалану

Облыс бойынша коммерциялық мақсаттар үшін берілген – 230 учаскесі жалпы көлемі 146,0 га пайдаланбайтыны анықталып отыр. Осының 1,8 га жері 10 учаске мемлекет меншігіне қайтарылды, көлемі 34,0 га болатын 8 жер учаскелері иелері оларды пайдалануға кірісті. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысының жерлерді пайдалануын және жерлерді қорғауды бақылау жөніндегі басқармасы тарапынан коммерциялық мақсаттағы жер учаскесі иелеріне – 25 кәсіпкерлік нысанына (69 жер учаскесі көлемі – 28,9704 га) жерлерін өз мақсатында пайдалану қажеттігі жөнінде талап-арыздар толтырған.

12.Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына жүргізілген тексерістер

Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының жер заңнамалары нормаларын орындау бағытында 324 тексерістер жүргізген.

Тексерістер нәтижесінде 187 заңбұзушылықтар анықталып, 164 жер пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, атап айтқанда – 4 млн.558 мың 550 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл салынған.

Есепті мерзімде 75% айыппұлдар өндіріліп алынған, ал заңнаманы бұзушылықтар жою жөніндегі талап-арыздар саны – 70% құрайды.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тексеру
Басқарма 2015 жылы 160,1 мың га ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерде (егістік, шабындық және жайылым) тексеріс жұмыстарын жүргізген, нәтижесінде 132 шаруашылыққа (жалпы көлемі 64,0 мың га) жерлерді мақсатында пайдаланғаны туралы талап-арыздар берілген, осыған орай Әділет департаментінде аталған жер учаскелеріне ауыртпалық қойылып отыр.

Басқарма игерілмеген жер учаскелерге берілген талап-арыздар орындалмайтын болса, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-94 баптары бойынша сот органдарына жер учаскелерін қайтарып алу жөнінде шағым түсіруге құқылы.

Жерлерді пайдаланбау жөнінде берілген талап-арыздар бойынша аудандарда келесі жағдай туындап отыр: Бөрлі ауданы – 2,4 мың га, Жаңақала ауданы – 3,8 мың га, Жәнібек ауданы – 7,5 мың га, Зеленов ауданы – 18,2 мың га, Тасқала ауданы – 7,1 мың га, Казталов ауданы – 9,9 мың га, Бөкейордасы ауданы – 3,4 мың га, Теректі ауданы – 6,9 мың га, Шыңғырлау ауданы – 3,1 мың га және Орал қ. – 1,7 мың га.

13.Түгендеу қорытындысы бойынша жер учаскелерін алып қою және

айналымға тарту

Мемлекет Басшысының 2011 жылғы 17 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес облыс бойынша пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді анықтау жұмыстары жүргізілді.

Республикалық бюджет есебінен 2012-2014 жылдары ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерде жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде пайдаланбай жатқан 297,3 мың га жерлер анықталды.

Қазіргі таңда анықталған жерлердің 150,5 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды, олардың 42,5 мың га ауылшаруашылық айналымға тартылды.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген жұмыстар нәтижесінде көлемі 100,5 мың га жердің жер пайдаланушылар өз жерлерін пайдалануға кірісті.

Көлемі 0,2 мың га жерлер бойынша материалдар жергілікті атқарушы органдар қарауында жатыр.

Көлемі 46,1 мың га жер учаскелері бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау органымен әкімшілік ықпал еті шарасы қолданылуда.

14.Пайдаланылмай жатқан жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін берілген жер учаскелері

Облысымызда пайдаланылмай жатқан жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелеріне қатысты біршама жұмыстар атқарылды. Өз мақсатында пайдаланылмай немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылып келген жалпы көлемі 188,37 га 1881 жер учаскелері анықталды. Осы учаскелер бойынша келесі шаралар алынды:

  • Жалпы көлемі 18,3 га 178 учаске мемлекет меншігіне қайтарылды;
  • Көлемі 18 га 186 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде тіркелді;
  • 79,31 га жердің 832 иелері өз учаскелерін игеруге кіріскен;
  • 39,67 га жер бойынша олардың иелері 360 азаматтық-құқықтық мәмлелер жасасқан. (жер учаскелерінің бір бөлігі иесіз мүлік ретінде тіркелген-120 учаске 11,6 га, ал қалған бөлігі-240 учаске 39,7 га әкімшілік шара алу үшін аумақтық жер инспекциясына жолданған);
  • 6,6 га жердегі 61 жер учаскесі бойынша жер инспекциясы тарапынан жазбаша ескертпелер берілді.
  • 0,67 га жердегі 3 жер учаскесінің заңды иелері анықталмағандықтан (бас бостандығынан айырылған, дүниеден өткен) тексеріс жүргізілмеген.
  • 25,8 га көлемдегі 261 жер учаскесінің иелеріне қатысты заңнаманы бұзушылық анықталмаған.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды айналымға енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
ЖТҚ бойынша.

Осылармен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу жұмыстары жалғасын табуда. 2015 жылдың 1 қарашадағы жағдайға сәйкес осы мақсаттар үшін жер учаскесін алуға азаматтардан 97500 өтініш түскен. Осы кезеңге дейін азаматтарға 10660 жер учаскелері берілген (11%), оның ішінде 2015 жылы 216 учаске берілген.

Қанағаттандырылмаған өтініштер Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес арнайы есепке қойылып, құрылыс алаңдары дайын болаған кезде қанағаттандырылатын болады.

15.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету

«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен 2015 жыл бойынша барлығы 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілді, соның ішінде «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша – 5, «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша – 11.

Барлық көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бұзушылықтар болған жоқ.

2014-2015 жылдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талдауы бойынша, 2015 жылда 16 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда (28 мем.қызметтер), 12 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге аз.
Егер 2014 жылы барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің ішінде бір мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жауапты қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылған бұзушылық анықталған болса, 2015 жыл бойынша бұзушылықтар орын алмады.

16.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

2014 жылдың 26 желтоқсанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» (бұдан әрі – Стратегия) Жарлығына қол қойды. Стратегияның негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегияны іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 Қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.

Стратегия мен Жоспарды орындау және осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру мақсатында, облыс әкімінің 2015 жылғы 11 маусымдағы №27 шешімімен облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.

Өз кезегінде, Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының 2015 жылғы 21 шілдедегі №16 бұйрығымен Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Басқарманың жоспары Басқарманың интернет-ресурсында басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз етілуін; Басқарманың интернет-ресурсындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты бөлімінде ақпаратты қажеттілігіне қарай жаңартылуын; Басқарманың қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет және т.б. Қазақстан Республикасының заңнамалары туралы дәрістер оқуды; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жылдық семинар өткізуді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялардың ұйымдастыруымен өткізілетін шараларға белсенді қатысуды; Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен ұсыныстарына арналған пошта жәшігін жаңартуды; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ақпаратты Басқарманың интернет-ресурсына орналастыруды; Тиісті тақырыптағы жасырын сауалнамаларды жүргізуді және т.б.  қамтитын 11 тармақтан тұрады. Жоспар бойынша іс-шаралар тұрақты түрде іске асырылуда.
Қоса кеткен жөн, 2015 жылы тұрақты түрде БАҚ-тың, бизнес қауымдастығы және «ЖерҒӨО» РМК-ның өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және аудандар және Орал қаласының жер қатынастары жөніндегі бөлімдері басшыларының қатысуымен тиісті тақырыптағы семинарлер, кеңестер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.
Сонымен қоса, Басқарманың қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету және іс-шараларды өткізу процесінде арнайы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жадынамасы таратылған болатын. 2015 жылда барлығы 96 жадынама таратылды.

Жоғарыда аталған жұмыстар 2016 жылда жалғастырылатын болады.

 

Басшының блогы

Жұмыс регламенті

дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

Келермендердің статистикасы

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін сайтқа кіргендер:332
mod_vvisit_counterАптаға келушiлерi:1602
mod_vvisit_counterАйына сайтқа кіргендер саны:5273
mod_vvisit_counterБарлық қолданушылар:182389

Күнтізбе

«110 қауырт желісі»
Террористік қауіптілікпен
байланысты хабарларды
қабылдау үшін