Басшының блогы


Құрметті менің жеке блогыма кірушілер!

Мұнда жер қатынастарына қатысты өздеріңізді мазалайтын сұрақтарды маған қоя аласыз. Мен бұл сұрақтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес жауап беретін боламын.

Сіздермен болған интерактивті пікірталас біздің басқарманың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға өз септігін тигізеді, деп сенемін.

 

 

 

Құрметпен,
Батыс Қазақстан облысы
жер қатынастары басқармасының басшысы

 

Кері байланыс

Төменде ұсынылған нысанды қолдана отырып, өз пікірлеріңізді, ұсыныстарыңызды, сонымен қатар сұрақтарыңызды жолдауыңызға болады. Барлық жиектерді тортыруды өтінеміз.

 

Сұрақ қою


Защитный код
Жаңарту

Комментарии   

 
0 # Асель Жанабаева 14.01.2016 19:58
Здравствуйте!я прописана в п.Мичурино Зеленовкого р-на.Хотелось бы узнать можно ли встать в очередь на земельный участок в этом районе или в этом поселке?или в каком районе ЗКО можно встать в очередь на бесплатный земельный участок??заране е спасибо
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 15.01.2016 10:39
Если Ваш вопрос касается предоставления в частную собственность бесплатного земельного участка для индивидуального жилищного строительства, то сообщаем следующее.
Согласно приказу исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года №255 «Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство» в пределах границ населенных пунктов на площадках, предназначенных для отвода под индивидуальное жилищное строительство, земельный участок под индивидуальное жилищное строительство предоставляется в соответствии с их генеральными планами, проектами планировки и застройки и проектами земельно-хозяйс твенного устройства территории, а в населенных пунктах с численностью до пяти тысяч человек – в соответствии со схемой развития и застройки данного населенного пункта (упрощенный вариант генерального плана).
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 15.01.2016 10:39
Земельные участки, за исключением включенных в перечень предлагаемых земельных участков для продажи на торгах (конкурсах, аукционах), под индивидуальное жилищное строительство предоставляются гражданам Республики Казахстан бесплатно в частную собственность в размере 0,10 гектара.
Повторное бесплатное предоставление земельных участков для указанной цели не допускается, за исключением случая, указанного в пункте 4 статьи 94 Кодекса.
Предоставление земельного участка для индивидуального жилищного строительства в частную собственность производится после освоения земельных участков (после подписания акта о вводе объекта (индивидуальног о жилого дома) в эксплуатацию). На период освоения земельный участок гражданам Республики Казахстан и оралманам предоставляется во временное возмездное землепользовани е (аренду), с установлением условий и сроков освоения в соответствии со статьей 92 Кодекса.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 15.01.2016 10:40
Для получения земельного участка для индивидуального жилищного строительства граждане Республики Казахстан и оралманы подают заявление в произвольной форме о предоставлении земельного участка для индивидуального жилищного строительства на праве временного возмездного землепользовани я (аренды) (далее – заявление) по месту нахождения испрашиваемого земельного участка:

1) в пределах границ города республиканског о значения и столицы – акимат города республиканског о значения и столицы;

2) в пределах границ города областного значения – акимат города областного значения;

3) в пределах границ города районного значения – акимат города районного значения;

4) в пределах границ поселка – аким поселка;

5) в пределах границ села – аким села, сельского округа.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 15.01.2016 10:44
Исходя из вышеизложенного и Вашего вопроса, Вы вправе подать заявление о предоставлении земельного участка для индивидуального жилищного строительства на праве временного возмездного землепользовани я на имя акима Мичуринского сельского округа Зеленовкого района либо в другой местный исполнительный орган по месту нахождения испрашиваемого земельного участка.
При этом стоить учесть, что в соответствии с частью одиннадцатой пункта 8 статьи 44-1 Кодекса при предоставлении земельных участков для индивидуального жилищного строительства на бесплатной основе учитывается наличие или отсутствие у гражданина земельных участков, права на которые были предоставлены государством для индивидуального жилищного строительства.
Также Вы можете ознакомиться с вышеуказанными правилами более подробно, пройдя по ссылке http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010871
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Shynar 19.05.2016 16:35
Сәлеметсізбе! менім сұрайын дегенім:қаланың ішінде иесіз жатырған жерлерді заңды түрде қалай алуға болады? естуімше ол жерлер мемлекеттің меншігіне өтеді, соларды мемлекет қойған бағамен (гос.пошлина) алу мүмкінбе?
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 02.06.2016 07:21
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 82-бабының 2-тармағына сәйкес меншік иесі жер учаскесіне меншік иесі құқығынан бас тартқан жағдайда, бұл жер учаскесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке алынады.
Мұндай жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепте болған кезінде басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабының 1-тармағына сәйкес меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.
Аталған баптың 3-тармағына сәйкес иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнеді.
Егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнеді.
Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін азаматтардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы иесі жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және коммуналдық меншікке берілмейді.
Жоғарыда айтылғандар негізінде, иесі жоқ жер учаскелері және олардың коммуналдық меншiкке түскені туралы нақты ақпаратты алу үшін жер учаскесінің орналасуы бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жолдануыңыз қажет.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 02.06.2016 07:22
Бұдан басқа, коммуналдық меншiкке түскен, яғни мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (сатып алу) Кодекстің 47-бабында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, Кодекстің 47-бабына сәйкес жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн жеке меншiкке беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.
Жер учаскесiн сатып алуға мүдделi тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне өтiнiм бередi, ол өтiнiм жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына қарай Кодекстiң 43-45-баптарынд а белгiленген тәртiппен қаралады.
Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы жер учаскесін кадастрлық құжаттама бойынша сәйкестендіреді , жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
Жер учаскесiн меншiкке беру туралы шешiм жер пайдаланушы жергiлiктi атқарушы органға жазбаша нысанда өтiнiш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылдануға тиiс.
Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы сатып алушымен жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасады және оған қол қояды.
Сіздің өтінішіңізге толық және нақты жауапты алу үшін жер учаскесінің орналасуы бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жолдануыңызға болады.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Жантас 24.06.2016 13:12
Жемқорлық саласы бойынша қандай жұмыстар жасалуда
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 11.07.2016 22:59
Құрметті Жантас, Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы Сіздің 2016 жылғы 24 маусымдағы Басқарманың ресми интернет-ресурс ындағы басшының блогына түскен сыбайлас жемқорлық саласына қатысты өтінішіңіз бойынша төмендегіні хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері.
2014 жылдың 26 желтоқсанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» (бұдан әрі – Стратегия) Жарлығына қол қойды. Стратегияның негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Стратегияны іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 Қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.
Стратегия мен Жоспарды орындау және осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру мақсатында, облыс әкімінің 2015 жылғы 11 маусымдағы №27 шешімімен облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 11.07.2016 23:01
Өз кезегінде, Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының 2015 жылғы 21 шілдедегі №16 бұйрығымен Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған Жоспар Басқарманың интернет-ресурс ында басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз етілуін; Басқарманың интернет-ресурс ындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты бөлімінде ақпаратты қажеттілігіне қарай жаңартылуын; Басқарманың қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасында ғы мемлекеттік қызмет және т.б. Қазақстан Республикасының заңнамалары туралы дәрістер оқуды; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жылдық семинар өткізуді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялардың ұйымдастыруымен өткізілетін шараларға белсенді қатысуды; Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен ұсыныстарына арналған пошта жәшігін жаңартуды; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ақпаратты Басқарманың интернет-ресурс ына орналастыруды; Тиісті тақырыптағы жасырын сауалнамаларды жүргізуді және т.б. қамтитын 11 тармақтан тұрады. Жоспар бойынша іс-шаралар тұрақты түрде іске асырылуда.
Қоса кеткен жөн, 2015 жылы тұрақты түрде БАҚ-тың, бизнес қауымдастығы, мемлекеттік емес ұйымдардың (БҚО «Заман» өндірушілер қауымдастығы, «Әділет» құқықтық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі) және «ЖерҒӨО» РМК-ның өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және аудандар және Орал қаласының жер қатынастары жөніндегі бөлімдері басшыларының қатысуымен тиісті тақырыптағы семинарлар, кеңестер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 11.07.2016 23:02
Сонымен қоса, Басқарманың қызметкерлеріме н мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету және іс-шараларды өткізу процесінде арнайы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жадынамалары таратылған болатын. 2015 жылда барлығы 96 жадынама таратылды.
Жоғарыда аталған жұмыстар ағымдағы жылда жалғасуда.
Сонымен қоса, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Үстіміздегі жылдың I тоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықов аның тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі хаттамасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің тарапынан Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларға сыртқы талдау жасалды. Оның нәтижесінде Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды жою жөнінде шаралар және жер қатынастары саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленіп, жер саласындағы орталық уәкілетті органға (ҚР-ның Ұлттық экономика министрлігі) жолданды.
Аталған сыртқы талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2016 ж. 01.02. және «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің 2016 ж. 01.02. бірлескен бұйрығы негізінде жүргізілді.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 11.07.2016 23:05
Осыған байланысты, Заң нормалары талаптарын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың маусым айында жер қатынастары саласында іс-қимыл тәртібін реттейтін Басқарманың қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Мониторингтің нәтижесі бойынша Басқарманың жерге орналастыру бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалып, нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындалды. Аталған жұмыстар бойынша есеп Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданды.
Ескерту: Өтінішке берілген жауап электрондық пошта арқылы 2016 жылғы 8 шілдеде жолданды.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Аксамал Нурмухаева 22.11.2016 22:15
Салеметсіз бе? Мен 2007 жылы жер учаскесін алу ушін жазылган арызым канагаттандыруг а жата ма? Жер бериле ме? Тіркеу номері H-256 өтініш есепке алынды делінген.17.04. 2007жыл.шыгыс номері- 2483. Жауап берінізші.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Аксамал Нурмухаева 22.11.2016 22:18
Салеметсиз бе? 2007 жылы есепке алынган отинишим , ягни жер алу ушин кашан канагаттандырыл ады екен?
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 05.12.2016 13:10
Құрметті Аксамал, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының 11-бөлігіне сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырыл ады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 27-30-тармақтар ына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұрау кезінде жер учаскесін бөліп беру үшін алаңдар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштерін жергілікті атқарушы органдар Қағидалардың 13-тармағында көзделген комиссия қорытындысының негізінде бес жұмыс күні ішінде арнайы есепке алады.
Комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштері арнайы есепке қойылады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда қанағаттандырыл ады.
Жалпы тізімдегі кезектің нөмірін көрсете отырып, өтінішті арнайы есепке алғаны туралы хабарламаны өтініш берушіге жер учаскесі орналасқан жердегі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар комиссия қорытындысы келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде береді (жолдайды).
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 05.12.2016 13:11
Бөліп беруге арналған алаңдар болған кезде жалпы тізімдегі кезектілік сақтала отырып, өтініш берушіге алаңдар дайын болған күннен бастап бір ай ішінде өтініш беру қажеттілігі туралы хабарлама беріледі (жолданады).
Анықтама үшін: Сіздің арнайы есептегі реттік саныңыз – 10678, тіркеу нөміріңіз – Н-256, тіркеу мерзімі – 2007 жылғы 16 сәуір, көрсетілген мекенжайыңыз: Жамбыл көшесі, 218 үй, 8 п.
Басқа сұрақтар бойынша Сіз Орал қаласының жер қатынастары бөліміне жолыға аласыз (тел/факс: 513111, 514735).
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Эльмира 29.06.2017 13:36
Саламатсыз ба? Менің сұрағым - ортақ аулаға сарай салуға қатысты.
Ы.Алтынсарин,4 мекенжайындағы 2 қабатты үйде тұрамын. 8 пәтерлі үй. Көршілердің үйдің алдында сарай, гараждары бар. Мен гараж не сарай салу үшін қайда жолығуым керек? Алдын ала рахмет.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 15.08.2017 10:00
Құрметті Эльмира, Қазақстан Республикасының жер заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жер учаскелерін беру сұралып отырған жер учаскесi орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жер сатуға ұсынылатын тізбе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жоғарыда айтылғандар негізінде, Сіздің жергілікті атқарушы орган жариялайтын жер сауда-саттығына қатысуға құқығыңыз бар.
Бұдан басқа толық ақпаратты алу ұшін Сіз жер учаскесi орналасқан жер бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жолыға аласыз.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Айнур 01.08.2017 09:16
Саламатсыз ба? Менин сурагым. Мемлекеттен тургын уй салуга берилген жердин мерзими отип кеткен. 2013 жылы берилген. Казир уй салынды. Енди жерди адилет органдарында калай тиркетуге болады. Олар уакыты отип кеткен 2 жылга дейн тиркету керек дейди. Енди оны мемлекет кайтарып алады ма? Бирак уй салынып битти. Енди нестеу керек?
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 15.08.2017 20:21
Құрметті Айнур, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-тармағына сәйкес, жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншікке беру жер учаскелерін игергеннен кейін (объектіні (жеке тұрғын үйді) пайдалануға беру туралы актіге қол қойылғаннан кейін) жүргізіледі. Игеру кезеңінде жер учаскесі Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 92-бабына сәйкес игеру шарттары мен мерзімдері белгіленіп уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) беріледі.
Осыған орай, Кодекстің 92-бабының 2-тармағына сәйкес, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалы қ құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
Егер жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесі дайын емес алаңдарда жер пайдалану құқығында берілген жағдайларда, мұндай жер учаскесін игеру мерзімі оны тиісті инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылыммен қамтамасыз еткен кезден бастап есептеледі.
Қағидалардың 24-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматына бұрын жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығында берілген жер учаскесіндегі салынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу актісі, осы жер учаскесін жеке меншікке беруге негіз болып табылады.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 15.08.2017 20:21
Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, Бұрын уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскесін жеке меншікке алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған оралмандар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін жеке меншік құқығында беру туралы өтінішті сұралып отырған жер учаскесі орналасқан жері бойынша Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органға тапсырады. Осы тармақта көрсетілген өтінішке Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар жеке куәліктің көшірмесін, жер учаскесіндегі салынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу актісін және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса береді.
Қағидалардың 26-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі сәйкестендіру құжатын дайындауға және беруге негіз болып табылатын, cалынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу актісі келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес, Заңның 4, 5 және 6-баптарына сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) , егер Заңда және өзге де заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды.
Сіздің жағдайда Заңның 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес жылжымайтын мүлік жер учаскесі болып табылады.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # УЗО ЗКО 15.08.2017 20:22
Ал Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес, 9-баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
Сонымен қоса, Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың 9-баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңның 1-бабының 27) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік тіркеуді жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жүзеге асыратын тіркеуші орган - аумақтық әділет органдары болып табылады.
Басқа нақты сұрақтар бойынша толық ақпаратты алу үшін Сіз жер учаскесi орналасқан жер бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жолыға аласыз.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Басшының блогы

Жұмыс регламенті

дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

Келермендердің статистикасы

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін сайтқа кіргендер:333
mod_vvisit_counterАптаға келушiлерi:1603
mod_vvisit_counterАйына сайтқа кіргендер саны:5274
mod_vvisit_counterБарлық қолданушылар:182390

Күнтізбе

«110 қауырт желісі»
Террористік қауіптілікпен
байланысты хабарларды
қабылдау үшін