Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 Толығырақ...

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының

2018 жылы атқарылған және 2019 жылға жоспарланған жұмыстары туралы

(2019 ж. 21.01. жағдайы бойынша)

 

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 133,9 мың га құрайды.

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың. га құрайды. Оның ішінде: егістік – 605,3 мың. га;көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га; тыңайған жер – 457,8 мың. га; шабындықтар – 440,5 мың. га; жайылымдар – 5345,2 мың. га; басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

 

Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

 

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

 

Орман қорының жерлері - 216,9 мың. га.

 

Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

 

Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде: көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га; тыңайған жер – 487,4 мың. га; шабындықтар – 498,0 мың. га; жайылымдар – 2641,7 мың. га; басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

 

 

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша

 

Елбасының тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және қайта ауыл шаруашылығы айналымына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарының және 2012-2018 жылдары жергілікті атқарушы органдар жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1 480,5 мың. га пайдаланылмайтын жерлер анықталған.

 

Қазіргі таңда пайдаланбай жатқан жерлердің ішінен мемлекет меншігіне көлемі 1022,1 мың.га немесе 69% құрайтын жерлер қайтарылды, ал қайтарылған жерлердің ішінен ауыл шаруашылығы айналымына 590,4 мың. га немесе 58% енгізілді.

 

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық айналымына көлемі 431,7 мың. га немесе 42% жерлер енгізілмей отыр.

 

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көлемі 363,7 мың.га немесе 25% құрайтын жер учаскелерінің жер пайдаланушылары жерлерін қайта игеруге кірісті.

 

Жалпы ауданы 32,3 мың. га немесе 2%  жер учаскелері бойынша жергілікті атқарушы органдарымен мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

 

Сонымен қатар, 62,4 мың гектар немесе 4% жер учаскелерінің иелеріне тиісті әкімшілік жаза қолданылып, заң бұзушылықты жою туралы берілген нұсқамалардың мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Прокуратура органдарымен бірлесіп, аудан мен Орал қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау жөнінде жұмыс топтары құрылған, аталған жұмыстар жалғасуда және қатаң бақылауға алынған.

 

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурстар

 

2018 жылы облыстың 11 ауданында жалпы көлемі 195,6 мың га құрайтын  304 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін табыстау бойынша 28 конкурс өткізілді. 2018 жылдың қазан айында www.zem.kz порталында электронды сауда-саттық өткізу процедурасы іске қосылды. Өткізілген конкурстардың 14% өтініштері,атап айтқанда 3 аудан бойынша (Бөрлі, Казталов, Тасқала) zem.kz порталы арқылы электронды түрде қабылданды.

 

Өткізілген конкурстардың нәтижесінде көлемі 146,6 мың га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 219 жер учаскелері табысталды.

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудандық жергілікті атқарушы органдармен көлемі 84,6 мың га құрайтын 91 жер учаскесіне 3 конкурс өткізу жоспарлануда.

 

 

Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне аукциондар

 

Сондай-ақ, 2018 жылы көлемі 47,2 га құрайтын 103 кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша 18 аукцион өткізілді. Оның ішінде 4 аудан бойынша (Ақжайық, Бөрлі, Казталов, Тасқала) немесе аукциондардың 33% zem.kz порталы арқылы электронды түрде өткізілді.

 

Өткізілген аукциондардың нәтижесінде 83 518 019 теңгеге көлемі 33,4 га құрайтын 61 жер учаскелеріне жалдау құқығы сатылды.

 

2019 жылы Жәнібек ауданы бойынша көлемі 1 га құрайтын кәсіпкерлік мақсаттағы 1 жер учаскесіне жалдау құқығын сату бойынша электронды түрде аукцион өткізілді.

 

Сонымен қоса, ағымдағы жылы көлемі 4,6 га құрайтын кәсіпкерлік мақсаттағы 21 жер учаскесіне жалдау құқығын сату бойынша 5 аукцион өткізу жоспарлануда.

 

 

   Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері

 

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылғы 27 желтоқсандағы жағдайға сәйкес облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін алуға есепте тұрған азаматтардың саны 103 462 құрайды (Орал қаласы бойынша 71 878).

 

2018 жылы облыс бойынша аталған мақсатқа 2113 жер учаскесі берілді (Ақжайық ауданы бойынша- 329, Бөрлі ауданы бойынша - 547, Жаңақала ауданы бойынша – 60, Жәнібек ауданы бойынша– 11, Зеленов ауданы бойынша- 394, Казталов ауданы бойынша - 19, Қаратөбе ауданы бойынша - 60, Сырым ауданы бойынша – 64, Тасқала ауданы бойынша – 14, Теректі ауданы бойынша – 528, Шыңғырлау ауданы бойынша - 87).

 

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыс бойынша қажетті инженерлік коммуникациялық желілері өткізілгеннен кейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2816 жер учаскесін беру жоспарлануда. Атап айтқанда, Ақжайық ауданы - 218; Бөрлі ауданы - 1325; Жаңақала ауданы - 60; Зеленов ауданы - 640; Қаратөбе ауданы - 60; Сырым ауданы - 66; Теректі ауданы - 369; Шыңғырлау ауданы - 78.

         

2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Круглоозерное кенті жеке тұрғын үй құрылысына арналған 1141 жер учаскесіне егжей-тегжейлі жобалау жоспары дайындалып, бекітілді.

         

Бүгінгі таңда, Круглоозерное кенті жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне инженерлік жүйелер өткізуге қатысты Орал қалалық құрылыс бөлімі тарапынан тиісті жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін жолдану сатысында.

 

Осы ретте, мемлекеттік сараптама қорытындысын  алғаннан кейін, құрылыс жүргізетін мердігерді анықтап инженерлік жүйелердің құрылысын жүргізеді.

 

 

Елді мекендердің шекараларын белгілеу

 

Елді мекендердің әкімшілік шекараларын белгілеу бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес 2017-2018 жылдары облыс бойынша 72 елді мекеннің әкімшілік шекараларын белгілеуге 30 млн 836 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қазіргі таңда 72 елді мекеннің шекараларын белгілеу бойынша жерге орналастыру құжаттамалары дайындалып, шекаралары белгіленді, жергілікті өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмiмен бекітілу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Цифрландыру туралы

 

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, БҚО жер қатынастары басқармасы 2018 жылы жер ресурстарын бірыңғай www.zem.kz электрондық порталын іске қосты.

 

Аталған порталда ауыл шаруашылық және коммерциялық мақсатындағы аукцион және конкурс арқылы берілуі жоспарланған бос жатқан жер учаскелерінің схемалары, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекте тұрғандар адамдардын тізімі, аукцион және конкурс арқылы берілген жер учаскелері және ықылассыз жер пайдаланушылар туралы мәліметтер орнатылды.

 

Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында конкурс және аукцион арқылы берілетін жер учаскелерін электрондық форматқа аудару бойынша жұмыс жүргізілді.

 

Осы портал арқылы өткен 2018 жылдың, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала және Казталов аудандарында алғаш рет республика бойынша ағылшын тәсілімен жер учаскелерінің жалға беру құқығын сату аукционы, Бөрлі, Казталов, Тасқала аудандарында уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстер электрондық түрде өтті.

 

2018 жылдың 12 ай қортындысы бойынша барлығы 27 мыңдай жеке және заңды тұлғалар www.zem.kz электрондық порталға кіріп қажетті ақпараттар алған.

 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының геопорталын құру жөнінде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өңеркәсібі министрлігінің аэроғарыш Комитетінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» «Ұлттық компаниясы» АҚ-мен жер қатынастары саласында аумақтың жер ресурстарының жағдайы графикалық және атрибутивтік ақпаратты алу үшін келіссөздер жүргізілуде. Аталған геопорталда ауыл шаруашылық өндірісін басқару жөнінде жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында, жер ресурстарын пайдалану саласында заңбұзушылықтарды аңықтау бағытында жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына мониторинг жасауға, сондай-ақ жер пайдаланушылырдың тіркелмеген құрылыстарын анықтау үшін спутниктік түсірілімге қол жеткізілетін болады. Ғарыш түсірілімдері апта сайын жаңғыртылып отырылады. Сол арқылы көктемде қанша алқап жыртылды, ол жерде қандай ауылшаруашылық жұмыс жүрді, қандай дақыл егілді, алқаптың арамшөппен ластануы қандай деңгейде, жер дұрыс пайдалануы туралы, осы геопортал арқылы бақылау мүмкін болады.  

 

Мамандандырылған мақсаттарды шешуге қажетті ақпараттарды алу үшін бұл порталға кіру жеке және заңды тұрғаларға қолжетімді болады.

 

 

Жергілікті атқарушы органның шешімінің жобасын дайындау және мемлекеттік қызмет көрсету

 

2018 жылы жер қатынастары саласы бойынша облыс әкімдігінің 15 қаулысы қабылданған, оның ішінде іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша – 3 қаулы, жер учаскелерін беру бойынша – 15 қаулы, жер учаскелерін резервке қою – 2 қаулы және қаулыларға өзгерістер енгізу туралы – 1 қаулы қабылданған.

 

Сондай-ақ, кәсіпорындар және ұйымдарға жер учаскелерін жалға беру жөнінде 16 (он тоғыз) шарты және 2 (екі) келісім шартты қайта тіркеу жасалды.

 

Басқармамен 2018 жылы 4 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы, олар «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» – 3 және «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» –1.

 

Барлық көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бұзушылықтар болған жоқ.

 

 

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңы бойынша

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген нормативті құқықтық актілер мен құқықтық актілерді қабылдау мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді.

 

6-тармақ бойынша Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлар 12 аудан бойынша дайындалып аудандық мәслихаттар шешімдерімен қабылданды. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлар 12 (он екі) аудан бойынша облыстық Әділет департаментіне нормативті-құқықтық акті ретінде тіркелді.

 

7-тармақ бойынша Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы 11 ауданның қаулысы қабылданып, ол қаулы БҚО Әділет департаментінде тіркелді. Ал, Теректі ауданының қаулысы БҚО Әділет департаментінде қаралуында.

 

Сондай-ақ  аталған өкіммен бекітілген қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актiлер тiзбесiнің 8-тармағына сәйкес облыс әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі №115 «Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» қаулысы қабылданды.

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы №1 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №22-2 бірлескен қаулы және шешім қабылдандып Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2019 жылғы 11 қаңтардаға  № 03-04-06.190  хат арқылы материалдар жолданды.

 

 

Нормативтік құқықтық актілер бойынша

 

- жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларындағы 11 НҚА бойынша құқықтық мониторинг жүргізіліп, олар бойынша талдамалық анықтамалар мен құқықтық норма кемшіліктерінің жоқтығы туралы анықтамалар толтырылды;

 

- жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларындағы 20 құқықтық актілер (нормативтік құқықтық емес актілер және нормативтік құқықтық актілер) әзірленді;

 

- жер қойнауын пайдалану саласындағы НҚА-де тәуекелдерді анықтау бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізіліп, талдамалық анықтама толтырылды, сондай-ақ оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды;

 

- белгіленген мерзімдерде басқарманың және облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ ашық деректер порталында ақпараттар мен материалдар орналастырылды;

 

- ҚР жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар (жазбаша өтініштерге, басқарманың сайтындағы басқарма басшысының блогындағы өтініштерге жауаптар, «Ашық әкімдік» және «Халықтық заңгер» жобалары шеңберінде, дөңгелек үстелдер, семинарлар, дәрістер (1 мың адамнан аса халық қамтылған) жүргізілді.

 

 

Жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмыс қорытындысы

 

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы кең таралған пайдалы қазбалар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерінде жергілікті атқарушы орган болып табылады.

 

Кең таралған пайдалы қазбалар, пайдалы қазбалар орналасқан учаскелерде  өндірілген, кәсіпорындардың құрылыс объектілерді тұрғызу кезінде кең колданылады, кірпіш тасын шығару және басқа да құрылыс материалдарын, әр түрлі бағыттағы автомобиль жолдарының құрылысы үшін, сонымен қатар көптеген республика халқының жеке құрылысы үшін.

 

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы аумағында КТПҚ барлаумен және өндірумен айналысатын КТПҚ саласындағы жер қойнауын пайдаланушылар 2019 жылдың 1 қаңтарына 42 жер қойнауын пайдалану субъектісін құрайды.

 

Құрылыс материалдарын өткізуді және өндіруді ұйымдастыру үшін келісімшарттар жасалды (тізім қоса беріледі):

  • құм-қиыршық тас қоспасы және құм – 23 келісімшарт;
  • сазды жыныстар – 11 келісімшарт;
  • бор – 2 келісімшарт;
  • құрылыс гипсі – 2 келісімшарт;
  • кварц құмы – 1 келісімшарт;
  • техникалық тас тұзы – 1 келісімшарт.

 

2018 жылы «Орал «ӘКК ҰК» АҚ-мен, «Эсторал» ЖШС-мен, «Орал-Полимер» ЖШС-мен, «Аксайбизнесстрой» ЖШС-мен және «СпецСтройСервис» ЖШС-мен КТПҚ барлауға және өндіруге 5 келісімшарт жасалды.

 

2018 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану бөлімімен 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

 

- «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» -  11 мемлекеттік қызметтер, регламентке сәйкес қағаз нысанда – 3, е-лицензиялау порталы арқылы – 8; «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» – 5 регламентке сәйкес қағаз түріндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 22 мамырдағы №117 «Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт жөніндегі комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы» БҚО әкімдігі қаулысын қабылданды.

 

Әзірленетін жер қойнауы учаскелерін бақылауды қамтамасыз ету, оның ішінде өндірілетін шикізат көлемін есепке алу, геологиялық және тау-кен бөлу шекараларының сақталуын, ҚТПҚ заңсыз өндіруді болдырмау және тиісті салықтарды төлеуді қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы комиссия құрамына барлық мүдделі органдарды енгізе отырып ведомствоаралық комиссия құрылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетімен өндіру іс жүзінде жойылды.

 

 

 

БҚО жер қатынастары басқармасымен 2019 жылға жоспарланған шаралар

 

  1. 2016-2020 жылдарға арналған БҚО аумағын дамыту бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін 3,4 % ұлғайту;
  2. Облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген 2017-2020 жылдарға арналған елді мекен шекараларын белгілеу бойынша Жол картасы шеңберінде 73 елді мекеннің шекараларын белгілеу;
  3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау, мемлекет меншігіне қайтару және ауыл шаруашылығы айналымына енгізу бойынша аудандық және Орал қаласының әкімдіктерінің жұмысын үйлесітру;
  4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін табыстау бойынша конкурстар өткізу (29.12.18 ж жағдайы бойынша 84,6 мың га құрайтын 91 жер учаскесін табыстау бойынша 3 конкурс жоспарлануда);
  5. Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін сату бойынша аукцион өткізу (10.01.19 ж жағдайы бойынша 4,6 га құрайтын 21 жер учаскесіне жалдау құқығын сату бойынша 5 аукцион жоспарлануда);
  6. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрімен 2017 жылғы 6 наурызда бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастары саласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында облыс бойынша орман қоры, су қоры және босалқы қоры жерлеріне ревизия жұмыстарын жүргізу;
  7. Тиісті коммуникациялар өткізілгеннен кейін жеке тұрғын үй құрылысына арналған 2065 жер учаскесін табыстау (Бөрлі ауданында – 1025; Зеленов ауданында – 239; Теректі ауданында - 801);
  8. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен Батыс Қазақстан облысы бойынша геопортал құру бойынша  шарт жасау;
  9. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы және босалқы қоры жерлеріне алқаптар бөлінісінде түгендеу жұмыстарын жүргізу (аудандар бойынша);
  10. Босалқы жер қорындағы тыңайған жерлерді жайылымдық және шабындық алқаптарына ауыстыру (трансформациялау);
  11. «Өндірістік салалар қызметінің ашықтығы бастамасы» (ӨСҚАБ) 2018 жылы бойынша кеңес отырысын өткізу;
  12. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру;
  13. Кең таралған пайдалы қазбалар мәселелері бойынша сарапшылық комиссияның отырысыстарын өткізу;
  14. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  15. Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;
  16. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есепті қабылдау;
  17. Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама туралы ҚР ИДМ және ҚР ІІМ ақпарат;
  18. «Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы» қаулысын қабылдау;
  19. Жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларындағы 11 НҚА бойынша құқықтық мониторинг жүргізу;
  20. Жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларындағы 20 құқықтық актілер (нормативтік құқықтық емес актілер және нормативтік құқықтық актілер) әзірлеу;
  21. Жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларындағы НҚА-де тәуекелдерді анықтау бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау;
  22. Белгіленген мерзімдерде басқарманың және облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ ашық деректер порталында ақпараттар мен материалдар орналастыру;
  23. ҚР жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар (жазбаша өтініштерге, басқарманың сайтындағы басқарма басшысының блогындағы өтініштерге жауаптар, «Ашық әкімдік» және «Халықтық заңгер» жобалары шеңберінде, дөңгелек үстелдер, семинарлар, дәрістер) жүргізу;
  24. «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде шараларды орындауды қамтамасыз ету.