Қазақстан Республикасы жер ресурстарының порталын www.zem.kz пайдалану туралы презентациясы

Қоса берілген бейнероликте жер қатынастары саласындағы ақпаратты алуға арналған қадамдық нұсқаулар бар

Негізгі бағыттар кескінінде 2017 жылы атқарылған жұмыстар

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15133,9 мың га құрайды. 
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6607 мың га құрайды.
Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,6 мың га құрайды.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,1 мың га.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi - 12,4 мың га.
Орман қорының жерлері - 216,9 мың га.
Су қорының жерлері - 76 мың га.
Босалқы жерлер – 4394,2 мың га.
Ресей Федерациясына жалға берілген жердің көлемі 1463,7 мың га құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесі агроқұрылымдарға жалпы көлемі 412 мың га құрайтын жер учаскелерін беру есебінен, 6,6% құрады (жоспар 6,6%).
2017 жылы а/ш дақылдарының алқабы 487,3% мың га құрап, жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы) 61,9% құрады (жоспар 60%).
Сондай-ақ, облыс шаруашылықтарымен азықтық ауыспалы егісті қолдану қажеттілігі жөнінде жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) 2,3% құрады (жоспар 2,3%).

Толығырық

 

 

2016 жыл бойынша жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕП 

 

Батыс Қазақстан облысының аумағы – 15133,9 мың га құрайды.

Елді мекен жерлерінің көлемі – 2323,7 мың га

 
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 39,9 мың га, оның ішінде көлемі 4,3 мың га құрайтын жер учаскесі өз құқықтарын рәсімдеген 6 шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың иелігінде, атап айтқанда:
Ақжайық ауданында шетелдіктер қатысуымен (Германия, Түркия) – «ИСИ ГИПС» ЖШС-гі, «Сатбор» ЖШС-гі – 0,2 мың га;
Бөрлі ауданында шетелдіктер қатысуымен (Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Ресей) 1 жер қойнауын пайдаланушы КПО б.в. жер көлемі  3 мың га;
Зеленов ауданында шетелдіктер қатысуымен (шетелдіктер қатысуымен жұмыстанушы ұйымдар КПО б.в., «Жайык Мунай» ЖШС., «Орал Ойл энд Газ» ЖШС) саны - 3 жер көлемі 1,1 мың га.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi – 12,4 мың га.

Орман қорының жерлері – 216,7 мың га.

Су қорының жерлері – 75,5 мың га.

Босалқы жерлер – 4775,2 мың га, оның ішінде жайылымдар – 3138 мың га, тыңайған жер – 631,2 мың га, шабындықтар – 537,6 мың га, көпжылдық екпелер– 0,6  мың га, басқа да алқаптар – 467,8 мың га.

 1465 мың га жер Ресей Федерациясына жалға берілген. 2016 жылы Мемлекеттік ұшу-сынақ полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратифицкацияланды, осыған сәйкес Кіші Богдо кен орнын игеруге қажетті  көлемі 1,3 мың га астам құрайтын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылуда. Осыған байланысты жер учаскелерін жалдан шығару туралы мәселені қарауға жоспарланып отырған Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бiрлескен комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Толығырық

Батыс Қазақстан облысының аумағы – 15133,9 мың га құрайды.

Елді мекен жерлерінің көлемі – 2323,7 мың га

 
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 39,9 мың га, оның ішінде көлемі 4,3 мың га құрайтын жер учаскесі өз құқықтарын рәсімдеген 6 шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың иелігінде, атап айтқанда:
Ақжайық ауданында шетелдіктер қатысуымен (Германия, Түркия) – «ИСИ ГИПС» ЖШС-гі, «Сатбор» ЖШС-гі – 0,2 мың га;
Бөрлі ауданында шетелдіктер қатысуымен (Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Ресей) 1 жер қойнауын пайдаланушы КПО б.в. жер көлемі 3 мың га;
Зеленов ауданында шетелдіктер қатысуымен (шетелдіктер қатысуымен жұмыстанушы ұйымдар КПО б.в., «Жайык Мунай» ЖШС., «Орал Ойл энд Газ» ЖШС) саны - 3 жер көлемі 1,1 мың га.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi – 12,4 мың га.

Орман қорының жерлері – 216,7 мың га.

Су қорының жерлері – 75,5 мың га.

Босалқы жерлер – 4775,2 мың га, оның ішінде жайылымдар – 3138 мың га, тыңайған жер 631,2 мың га, шабындықтар – 537,6 мың га, көпжылдық екпелер0,6  мың га, басқа да алқаптар – 467,8 мың га.

 1465 мың га жер Ресей Федерациясына жалға берілген. 2016 жылы Мемлекеттік ұшу-сынақ полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратифицкацияланды, осыған сәйкес Кіші Богдо кен орнын игеруге қажетті  көлемі 1,3 мың га астам құрайтын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылуда. Осыған байланысты жер учаскелерін жалдан шығару туралы мәселені қарауға жоспарланып отырған Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бiрлескен комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 6225,4 мың га, оның ішінде жайылымдар – 4780,3 мың га, егістік – 538,4  мың га, тыңайған жер – 471,8 мың га, шабындықтар 380 мың га, көпжылдық екпелер – 1,8  мың га басқа да жерлер – 53,1 мың га.
Оның ішінде: жалға берілгені – 6120,2 мың га, жеке меншікке сатылғаны – 23,7 мың га, мемлекеттік заңды тұлғаларда тұрақты жер пайдалануда – 75,9 мың га, бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн берілген жер 5,6 мың га;
Шетелдік қатысуымен заңды тұлғаның иелігіндегі (Бөрлі ауданы, «Аксайский комбинат хлебопродуктов») ұзақ мерзімді жалға алынған егістік жер көлемі – 2,1 мың га.
2016 жылы облыста мораторий жарияланғанға дейін агроқұрылымдарға көлемі 2,6 мың га құрайтын жер учаскесі жалпы сомасы 12 115,3 мың теңгеге сатылып, жеке меншікке берілді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке берілу тоқтатылды.
Сонымен қатар, 2016 жылы қәсіпкерлікті дамыту үшін жеке меншікке көлемі 34,8 га құрайтын 228 жер учаскесі сатылды, олардың жалпы сомасы 193 457,6 мың теңге.
100 нақты қадам Ұлт жоспары шеңберінде 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағында жерлерді тиімді пайдалану мақсатымен пайдаланылмайтын жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жөнінде біркелкі жұмыстар атқарылуда.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша

Облыс бойынша 2012-2016 ж.ж. пайдаланылмай жатқан 1126,9 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды. Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың нәтижесінде:
1. 860,2 мың га (76,3%) мемлекет меншігіне қайтарылды, осының ішінен 444,5  мың га немесе 51,7% жер қайта жаңа құрылғын агроқұрлымдарға пайдалануға берілді;
2. 253,8 мың гектар (22,5%) құрайтын жер учаскелерінің иелері жерлерін мақсатына сай пайдалануға кірісті;
3. 11,2 мың га (1 %) құрайтын жер учаскелерінің иелеріне тиісті әкімшілік шара қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданды. Оның ішінен көлемі 9,3 мың га жер учаскелеріне қатысты келесі шаралар кабылданды:
көлемі 6,6 мың га құрайтын жер учаскелері бойынша сот органадарына талап арыздар берілді (Зеленов, Жәнібек ауданы);
көлемі 2,7 мың га жер учаскелері бойынша тексерістер жүргізілуде (Казталов ауданы);
ал көлемі 1,9 мың га құрайтын жер учаскелері бойынша иелерінің қайтыс болуына және олардың ауысуына байланысты, сондай ақ шекаралары белгіленбегендіктен тексерістер жүргізілген жоқ.
4. Иесіз мүлік есебіне 1,7 мың га (0,2 %) құрайтын жер учаскелері тіркелді, оның ішінде:
көлемі 0,3 мың га құрайтын 5 жер учаскелерінің мерзімі 2017 жылдың ақпан айына дейін (Орал қаласы);
1,3 мың га құрайтын 5 жер учаскелерінің мерзімі 2017 жылдың қыркүйек айына дейін (Бөрлі, Зеленов, Жаңақала, Казталов аудандары). Мерзімдері өткеннен кейін аталған жер учаскелері заңнамаға сәйкес мемлекеттік меншігіне қайтарылатын болады.
Қазіргі таңда қайтарылған жерлерді айналымға тарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, өткен 2016 жылы қабылданып жатқан әкімшілік шаралардың шеңберінде, облыстық жер қатынастары басқармасымен Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92 және 93 баптарының негізінде заңды түрде күшіне енген сот шешімдерінің негізінде 15 жеке және заңды тұлғалардан мәжбүрлеп мемлекетке қайтарылған жер учаскелер туралы жосықсыз жер пайдаланушыларының тізіміне енгізу үшін орталық уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне) ақпарат жолданды. Аталған жер учаскелерінің жалпы көлемі 9,3 мың га құрады.
Сондай-ақ, аудандық жер қатынастары бөлімдерінің мәліметіне сәйкес өткен жылы әкімшілік шараларды алу үшін облыстық жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына көлемі 199,1 мың га 128 жер учаскелері бойынша материалдар жолданды. Аталған жер учаскелер ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жалға берілген. Қазіргі уақытта облыстық жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ақпаратына сәйкес көлемі 160,1 мың гажерлер бойынша тексерістер жүргізілді.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді аңықтау және мемлекеттік меншігіне қайтарудан басқа, аудандық әкімдіктермен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануға беру үшін конкурстар өткізу жоспарланып отыр. 2017 жылы аудандармен жалпы көлемі 20,1 мың га құрайтын 39 жер учаскесін беру үшін 21 конкурс өткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте сауда-саттықтардың дайындық жұмыстары және жерге орналастыру жұмыстары 7 407 мың теңгекөлемінде қаражат қажет етеді.
Облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылғы 30 желтоқсандағы жағдайға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жерге кезекте тұрған азаматтардың саны 96 984 адам. (Орал қаласы бойынша - 69455 адам).
2016 жылы облыс бойынша аталған мақсатқа 218 жер учаскесі берілді (оның ішінде Ақжайық ауданы бойынша – 51 жер учаскесі, Бөкейордасы ауданы бойынша – 28, Бөрлі ауданы бойынша – 12,Жаңақала ауданы бойынша – 2,  Жәнібек ауданы бойынша – 35, Казталов ауданы бойынша – 16, Қаратөбе ауданы бойынша – 9, Сырым ауданы бойынша – 30, Тасқала ауданы бойынша – 32, Шыңғырлау ауданы бойынша – 3).
Сонымен қатар, 2016 жылы облыс әкімдігімен өз құзыреті шегінде жер қатынастары саласында 44 қаулы қабылданды: оның ішінде іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша 5 қаулы, жер учаскелерін беру бойынша 25 қаулы, орман қоры жерлерін басқа санаттарға ауыстыру бойынша облыстық арнайы комиссия құру мәселесі бойынша 3 қаулы, қорғаныс мақсаттарына арналған жер учаскелерін беру бойынша 8 қаулы, мемлекеттік қызметтерді бекіту мәселесі бойынша 2 қаулы, резерват мәселесі бойынша арнайы комиссия құру туралы 1 қаулы.
2016 жыл бойынша 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 7 – «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» бойынша, 5 «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметі бойынша.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша заң бұзушылық болған жоқ.
Сондай-ақ, кәсіпорындар және ұйымдарға жер учаскелерін жалға беру жөнінде 24 шарты жасалды, жер учаскесін сатып алу-сату жөнінде 1 шарт жасалды.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы жүргізілген түсінік жұмыстары
Бұлардан тыс, ҚР Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі түсінік жұмыстарын БАҚ-құралдары арқылы жүргізу мақсатында ақпараттық-түсінік жұмыстары атқарылуда.
Қазіргі таңда, жер заңнамасы бойынша – 645 түсінік беру шаралары өткізілді, оның ішінде тұрғындар арасында, ұжымдық кәсіпорындарда, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен – 423 және Uniserv ЖШС-ні барлық нысандарының - 300 қызметкерлерімен кездесулер өтіп, түсініктер берілді. Бұдан басқа, ақпараттық басылымдарда – 74 мақала, жергілікті телеарналарда – 82 түсінік беру шаралары мен жергілікті радио арқылы – 3 сұқбат берілді.
Ағымдағы мерзім ішінде аталған мәселеге байланысты Интернет-ресурстарда орналастырылған материалдардың саны 65,жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша берілген комментарийлер 29.
Сондай-ақ,  2016 жылдың 5 мамырынан бастап облыстық әкімдікте, барлық аудандарда және Орал қаласында құзыретті лауазымды тұлғаларды бекіте отырып жер заңнамасы нормаларын түсіндіру бойынша «call-орталықтар» ұйымдастырылды. «Сall-орталықтарына» түскен  қоңыраулар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді (9 қыркүйектегі жағдай бойынша барлығы 617 қоңырау түсті, оның ішінде 29 жер заңнамасының нормаларын түсіндіру, 508 тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесіне кезегінің жағдайы, 35 – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша, 11 – бағбандыққа арналған жер учаскелері бойынша, 3 «Сall-орталығының» жұмысы бойынша және 31 басқа сұрақтар). Мораторийдің мерзімін 2021 жылға дейін  ұзартуына байланысты, қазіргі уақытта «Сall-орталықтары» жабылды.
Түсіндіру жұмыстары облыс тұрғындарының арасында тұрақты түрде жүргізілуде.

2017 жылы жоспарланған жұмыстар туралы
2012-2016 жылдары жүргізілген пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау жұмыстары жалғасын тауып, аталған жерлер ауыл шаруашылығы айналымыныа кайта енгізу үшін мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен 2017-2019 жылдары жер учаскелерінің меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жерлеріне тексерiс (ревизия) жүргiзу жөніндегі Ұсынымдарды бекіту жұмыстары аяқталғаннан кейін облыс бойынша жер қорын тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін облыс бойынша жерлерге жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурстар мен аукциондар өткізілетін болады.