Қазақстан Республикасы жер ресурстарының порталын www.zem.kz пайдалану туралы презентациясы

Қоса берілген бейнероликте жер қатынастары саласындағы ақпаратты алуға арналған қадамдық нұсқаулар бар

Негізгі бағыттар кескінінде 2017 жылы атқарылған жұмыстар

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15133,9 мың га құрайды. 
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6607 мың га құрайды.
Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,6 мың га құрайды.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,1 мың га.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi - 12,4 мың га.
Орман қорының жерлері - 216,9 мың га.
Су қорының жерлері - 76 мың га.
Босалқы жерлер – 4394,2 мың га.
Ресей Федерациясына жалға берілген жердің көлемі 1463,7 мың га құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесі агроқұрылымдарға жалпы көлемі 412 мың га құрайтын жер учаскелерін беру есебінен, 6,6% құрады (жоспар 6,6%).
2017 жылы а/ш дақылдарының алқабы 487,3% мың га құрап, жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы) 61,9% құрады (жоспар 60%).
Сондай-ақ, облыс шаруашылықтарымен азықтық ауыспалы егісті қолдану қажеттілігі жөнінде жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) 2,3% құрады (жоспар 2,3%).

Толығырық

 

 

2016 жыл бойынша жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕП 

 

Батыс Қазақстан облысының аумағы – 15133,9 мың га құрайды.

Елді мекен жерлерінің көлемі – 2323,7 мың га

 
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 39,9 мың га, оның ішінде көлемі 4,3 мың га құрайтын жер учаскесі өз құқықтарын рәсімдеген 6 шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың иелігінде, атап айтқанда:
Ақжайық ауданында шетелдіктер қатысуымен (Германия, Түркия) – «ИСИ ГИПС» ЖШС-гі, «Сатбор» ЖШС-гі – 0,2 мың га;
Бөрлі ауданында шетелдіктер қатысуымен (Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Ресей) 1 жер қойнауын пайдаланушы КПО б.в. жер көлемі  3 мың га;
Зеленов ауданында шетелдіктер қатысуымен (шетелдіктер қатысуымен жұмыстанушы ұйымдар КПО б.в., «Жайык Мунай» ЖШС., «Орал Ойл энд Газ» ЖШС) саны - 3 жер көлемі 1,1 мың га.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi – 12,4 мың га.

Орман қорының жерлері – 216,7 мың га.

Су қорының жерлері – 75,5 мың га.

Босалқы жерлер – 4775,2 мың га, оның ішінде жайылымдар – 3138 мың га, тыңайған жер – 631,2 мың га, шабындықтар – 537,6 мың га, көпжылдық екпелер– 0,6  мың га, басқа да алқаптар – 467,8 мың га.

 1465 мың га жер Ресей Федерациясына жалға берілген. 2016 жылы Мемлекеттік ұшу-сынақ полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратифицкацияланды, осыған сәйкес Кіші Богдо кен орнын игеруге қажетті  көлемі 1,3 мың га астам құрайтын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылуда. Осыған байланысты жер учаскелерін жалдан шығару туралы мәселені қарауға жоспарланып отырған Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бiрлескен комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Толығырық

Негізгі бағыттар кескінінде 2017 жылы атқарылған жұмыстар

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15133,9 мың га құрайды. 
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6607 мың га құрайды.
Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,6 мың га құрайды.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,1 мың га.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi - 12,4 мың га.
Орман қорының жерлері - 216,9 мың га.
Су қорының жерлері - 76 мың га.
Босалқы жерлер – 4394,2 мың га.
Ресей Федерациясына жалға берілген жердің көлемі 1463,7 мың га құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесі агроқұрылымдарға жалпы көлемі 412 мың га құрайтын жер учаскелерін беру есебінен, 6,6% құрады (жоспар 6,6%).
2017 жылы а/ш дақылдарының алқабы 487,3% мың га құрап, жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы) 61,9% құрады (жоспар 60%).
Сондай-ақ, облыс шаруашылықтарымен азықтық ауыспалы егісті қолдану қажеттілігі жөнінде жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) 2,3% құрады (жоспар 2,3%).

Пайдаланылмай жатқан а/ш мақсатындағы жерлер бойынша 
Елбасының тапсырмасына сәйкес облыс бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, республикалық бюджет есебінен 2012 – 2014 жылдары жүргізілген түгендеу жұмыстарының және 2012-2017 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көлемі 1375,6 мың га құрайтын пайдаланбай жатқан жерлер анықталды. 
Қазіргі таңда пайдаланбай жатқан жерлердің ішінен мемлекет меншігіне көлемі 940,5 мың га немесе 68,4 %  құрайтын жерлер қайтарылды, ал қайтарылған жерлердің ішінен ауыл шаруашылығы айналымына 496,8 мың.га немесе 52,8% енгізілді. 
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы айналымына енгізілмеген жерлердің көлемі 443,7 мың.га немесе 47,2%. 
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көлемі 326,2 мың га немесе 23,7 % құрайтын жер учаскелерінің жер пайдаланушылары жерлерін қайта игеруге кірісті. 
Бұдан басқа, көлемі 108 мың га немесе 7,8% құрайтын жер учаскелері бойынша БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен әкімшілік шара қабылдануда. Оның ішінде:
- көлемі 5,2 мың.га құрайтын жер учаскелері бойынша сотқа талап арыз жолданды;
- көлемі 102,8 мың.га құрайтын жер учаскелері бойынша нұсқамалар берілді, нұсқамалардың мерзімі аяқталғаннан кейін тексерістер жүргізілетін болады. 
Сонымен қатар иесіз мүлік ретінде есепке көлемі 0,9 мың.га немесе 0,1% құрайтын 4 жер учаскесі қойылды, аталған учаскерлерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында  сот органдарына жолдау үшін жергілікті атқарушы органдармен қажетті материалдар дайындалуда.

Жосықсыз жер пайдаланушылардың тізімі бойынша
Облыс бойынша 2017 жылы қабылданып жатқан әкімшілік шаралардың шеңберінде, облыстық жер қатынастары басқармасымен Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92 және 93 баптарына сәйкес жосықсыз жер пайдаланушыларының тізіміне енгізу үшін заңды түрде күшіне енген сот шешімдерінің негізінде 22 жеке және заңды тұлғалардан мәжбүрлеп мемлекетке қайтарылған, жалпы көлемі 5,6 мың га құрайтын жер учаскелері туралы ақпарат орталық уәкілетті органға  жолданды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлергеұйымдастырылған конкурстарбойынша
Облыс аумағында 2017 жылы жергілікті атқарушы органдармен жалпы көлемі 51,6 мың га құрайтын  94 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне құқық беру бойынша 12 конкурс өткізілді, соның ішінен көлемі 29,5 мың га құрайтын 58 жер учаскесі табысталды.

Кәсіпкерлік мақсатына арналған жер учаскелеріне аукцион өткізу бойынша
Бұдан басқа, Орал қаласында 2017 жылы кәсіпкерлік мақсатына арналған жалпы көлемі 0,784 га құрайтын 13 жер учаскесіне жалдау құқығын сату бойынша 2 аукцион өткізілді. Соның ішінде жалпы көлемі 0,5776 га құрайтын 9 жер учаскесі бойынша шарт жасалып, құны 24 523 000 теңгені құрады.
Өткізуге жоспарланған аукцион және конкурс туралы хабарландырулар мерзімді баспасөз басылымында, жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жарияланады.

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері бойынша
Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алу үшін кезекте 101547 азамат тұр (соның ішінде Орал қаласы бойынша 71171 азамат). 
Облыс аудандары бойынша 2017 жылы жеке тұрғын үй құрылысына 615 жер учаскелері жалға берілді (Ақжайық ауданы – 54, Бөрлі ауданы – 257, Жәнібек ауданы – 13, Зеленов ауданы – 137, Казталов ауданы – 31, Қаратөбе ауданы – 33, Сырым ауданы – 45, Тасқала ауданы – 44, Шыңғырлау ауданы – 1).

Талдау жұмыстары бойынша
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовпен 2017 жылғы 6 наурызда бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастары саласын реттеу мәселелерін іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы және елді мекен жерлері санаттары бойынша талдау жұмыстары (ревизия) жүргізілді. Облыс бойынша ревизия жұмыстарының нәтижесінде а/ш алқаптарының жалпы көлемі 6606,7 мың га құрайтын 46945 шаруашылық субъектілері анықталды. Сонымен қатар, жалпы көлемі 2323,6 мың га құрайтын облыстың елді мекен жерлері ревизия жұмыстарын жүргізу барысында функционалдық аумақтарға бөлінді.

Облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмдерiнiң жобаларын дайындау бойынша
2017 жылы облыс әкімдігімен өз құзыреті шегінде жер қатынастары саласында 27 қаулы қабылданды, оның ішінде іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша 2 қаулы, жер учаскелерін беру бойынша  21 қаулы, мемлекеттік қызметтерді бекіту мәселесі бойынша 2 қаулы, резерват мәселесі бойынша арнайы комиссия құру туралы 1 қаулы, жерлерді резервтеу жөнінде арнайы комиссия құру туралы 1 қаулы.
Сондай-ақ, кәсіпорындар және ұйымдарға жер учаскелерін жалға беру жөнінде 19 шарты жасалды, жер учаскесін сатып алу-сату жөнінде 1 шарт, сондай-ақ жалға беру құқығын сату-сатып алу жөнінде 1 шарт жасалды.

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлар бойынша 
«Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы №41-ө өкімін орындау мақсатында мына жұмыстар іске асырылды.
«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актiлер тiзбесiнің 6-тармағына сәйкес Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлар барлық ауданда дайындалып, аудандық мәслихат шешімдерімен қабылданды. Қазір 11 аудан бойынша қабылданған жоспарлар облыстық Әділет департаментінде нормативтік-құқықтық акті ретінде тіркелді. Ал, Шыңғырлау ауданы бойынша мәслихат шешімі алынған соң материалдар Әділет департаментіне жолданатын болады.
7-тармақ бойынша - қолда бар геоботаникалық зерттеу материалдары негізінде жайылым айналымдарының схемалары әзірленіп, барлық  12 аудан әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілді.
8-тармақ бойынша - облыс әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі №115 «Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарды бекіту туралы» қаулысы қабылданды.

Облыстың жер ресурстарының бірыңғай порталы бойынша
2017 жылы БҚО жер қатынастары басқармасымен «Госзакупщик» ЖШС-мен бірлесе отырып 12 ауданды және Орал қаласын электрондық карталармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді (облыстың жер ресурстарының бірыңғай порталын жасау). 
Аталған порталда елді мекен жерлеріндегі бос жер учаскелері, конкурс арқылы беруге жоспарланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері және жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін алуға есепте тұрған азаматтар туралы ақпарат, сондай-ақ, жосықсыз жер пайдаланушыларының тізімі орналасқан. 
Қазіргі таңда «zem.kz» порталы іске қосылды, сондай-ақ порталға ақпаратты орналастыру жұмыстары жалғасуда.

Полигон бойынша
Батыс Қазақстан облысы бойынша Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығына (әскери полигон) ұзақ мерзімді жалға берілген жерлердің көлемі 2017 жылғы 1 қарашадағы жағдайға сәйкес 1463,7 мың га құрайды (әскери полигонның аумағы 1465,1 мың га құраған).
2017 жылы Мемлекеттік ұшу-сынақ полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға сәйкес Кіші Богдо кен орнын игеруге қажетті  көлемі 1371 га құрайтын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазіргі таңда жер учаскесін мемлекет меншігіне қабылдап алу процедурасы аяқталды.

Құқықшығармашылық қызметі бойынша
2017 жылы БҚО жер қатынастары басқармасымен жер қатынастары саласы бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекітуді қарастыратын 5 нормативтік құқықтық актілер әзірленді.
Атап айтқанда, 01.06.2017ж. облыстық мәслихаттың сессиясында Орал қ. жер учаскелерінің төлемақысының базалық ставкасын (1140 теңгеден 1560 теңгеге), сондай-ақ  Ақсай қ. (1 ш.м. 855 теңгеден (облыс орталығы ставкасынан 75 пайыз) 1250 теңгеге дейін) көтеру жөнінде шешім қабылданды.
Осыдан тыс, Орал қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері көтерілген болатын. Қолданыстағы 9 (тоғыз) бағалау аймағының коэффиценттері 4 аймақта көтерілді. Олар, v аймақ (1,5-ден 1,75-ке), VII аймақ (1,4-тен 1,75-ке), VIII аймақ (1,0-ден 1,4-ке) және IX аймақ (1,5-тен 1,75-ке).
Қалған 3 НҚА қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің мәтініне өзгерістер енгізуді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекітуді қарастырады.

2. Проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары

Жер сауда-саттығын (аукциондарды, конкурстарды) өткізу қағидалары ҚР Жер кодексімен және 2016 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен сәйкес келмеуіне байланысты, ҚР Жер кодексінің нормаларын және ҚР Президентінің Жарлығының ережелерін ескеріп, қағидаларға өзгеріс енгізу қажет болып отыр. Аталған мәселені шешу мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2017 жылғы 18 наурызда №03-04-05.936 хат жоданды.

3. Негізгі бағыттар кескінінде 2018 жылға жоспарланған шаралар

  • Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау жұмыстарын жалғастыру (100 мың га анықтау);
  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне конкурс өткізу (жалпы көлемі 62,7 мың га құрайтын 90 жер учаскелеріне 14 конкурс);
  • Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне аукцион өткізу (жалпы көлемі 3,5 га құрайтын 22 жер учаскесіне құқық сату бойынша 8 аукцион)
  • Облыс бойынша өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері санаттарына ревизия жұмыстарын  жүргізу;
  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін 3% ұлғайту, жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесін (ауыспалы егіс алқабы) 64%, сондай-ақ табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесін (азықтық ауыспалы егіс) 3,4% жеткізу;
  • Тиісті коммуникацияларды жүргізгеннен соң азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2807 жер учаскелерін беру ( Ақжайық ауданы – 218; Бөрлі ауданы – 1325; Жаңақала ауданы – 60;Зеленов аудан - 635; Қаратөбе ауданы – 59; Сырым ауданы – 63; Теректі ауданы – 369; Шыңғырлау ауданы – 78).