Негізгі бағыттар кескінінде 2017 жылы атқарылған жұмыстар

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15133,9 мың га құрайды. 
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6607 мың га құрайды.
Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,6 мың га құрайды.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,1 мың га.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi - 12,4 мың га.
Орман қорының жерлері - 216,9 мың га.
Су қорының жерлері - 76 мың га.
Босалқы жерлер – 4394,2 мың га.
Ресей Федерациясына жалға берілген жердің көлемі 1463,7 мың га құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесі агроқұрылымдарға жалпы көлемі 412 мың га құрайтын жер учаскелерін беру есебінен, 6,6% құрады (жоспар 6,6%).
2017 жылы а/ш дақылдарының алқабы 487,3% мың га құрап, жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы) 61,9% құрады (жоспар 60%).
Сондай-ақ, облыс шаруашылықтарымен азықтық ауыспалы егісті қолдану қажеттілігі жөнінде жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) 2,3% құрады (жоспар 2,3%).

Толығырық

 

 

2016 жыл бойынша жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕП 

 

Батыс Қазақстан облысының аумағы – 15133,9 мың га құрайды.

Елді мекен жерлерінің көлемі – 2323,7 мың га

 
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 39,9 мың га, оның ішінде көлемі 4,3 мың га құрайтын жер учаскесі өз құқықтарын рәсімдеген 6 шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың иелігінде, атап айтқанда:
Ақжайық ауданында шетелдіктер қатысуымен (Германия, Түркия) – «ИСИ ГИПС» ЖШС-гі, «Сатбор» ЖШС-гі – 0,2 мың га;
Бөрлі ауданында шетелдіктер қатысуымен (Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Ресей) 1 жер қойнауын пайдаланушы КПО б.в. жер көлемі  3 мың га;
Зеленов ауданында шетелдіктер қатысуымен (шетелдіктер қатысуымен жұмыстанушы ұйымдар КПО б.в., «Жайык Мунай» ЖШС., «Орал Ойл энд Газ» ЖШС) саны - 3 жер көлемі 1,1 мың га.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi – 12,4 мың га.

Орман қорының жерлері – 216,7 мың га.

Су қорының жерлері – 75,5 мың га.

Босалқы жерлер – 4775,2 мың га, оның ішінде жайылымдар – 3138 мың га, тыңайған жер – 631,2 мың га, шабындықтар – 537,6 мың га, көпжылдық екпелер– 0,6  мың га, басқа да алқаптар – 467,8 мың га.

 1465 мың га жер Ресей Федерациясына жалға берілген. 2016 жылы Мемлекеттік ұшу-сынақ полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратифицкацияланды, осыған сәйкес Кіші Богдо кен орнын игеруге қажетті  көлемі 1,3 мың га астам құрайтын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылуда. Осыған байланысты жер учаскелерін жалдан шығару туралы мәселені қарауға жоспарланып отырған Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бiрлескен комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Толығырық