Жаңалықтар
 
2016 жыл бойынша жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕП

Батыс Қазақстан облысының аумағы – 15133,9 мың га құрайды.

Елді мекен жерлерінің көлемі 2323,7 мың га


Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 39,9 мың га, оның ішінде көлемі 4,3 мың га құрайтын жер учаскесі өз құқықтарын рәсімдеген 6 шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың иелігінде, атап айтқанда:
Ақжайық ауданында шетелдіктер қатысуымен (Германия, Түркия) – «ИСИ ГИПС» ЖШС-гі, «Сатбор» ЖШС-гі – 0,2 мың га;
Бөрлі ауданында шетелдіктер қатысуымен (Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Ресей) 1 жер қойнауын пайдаланушы КПО б.в. жер көлемі 3 мың га;
Зеленов ауданында шетелдіктер қатысуымен (шетелдіктер қатысуымен жұмыстанушы ұйымдар КПО б.в., «Жайык Мунай» ЖШС., «Орал Ойл энд Газ» ЖШС) саны - 3 жер көлемі 1,1 мың га.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi – 12,4 мың га.

Орман қорының жерлері – 216,7 мың га.

Су қорының жерлері – 75,5 мың га.

Босалқы жерлер – 4775,2 мың га, оның ішінде жайылымдар – 3138 мың га, тыңайған жер 631,2 мың га, шабындықтар – 537,6 мың га, көпжылдық екпелер 0,6  мың га, басқа да алқаптар – 467,8 мың га.

1465 мың га жер Ресей Федерациясына жалға берілген. 2016 жылы Мемлекеттік ұшу-сынақ полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратифицкацияланды, осыған сәйкес Кіші Богдо кен орнын игеруге қажетті  көлемі 1,3 мың га астам құрайтын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылуда. Осыған байланысты жер учаскелерін жалдан шығару туралы мәселені қарауға жоспарланып отырған Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бiрлескен комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 6225,4 мың га, оның ішінде жайылымдар – 4780,3 мың га, егістік – 538,4  мың га, тыңайған жер – 471,8 мың га, шабындықтар 380 мың га, көпжылдық екпелер – 1,8  мың га басқа да жерлер – 53,1 мың га.
Оның ішінде: жалға берілгені – 6120,2 мың га, жеке меншікке сатылғаны – 23,7 мың га, мемлекеттік заңды тұлғаларда тұрақты жер пайдалануда – 75,9 мың га, бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн берілген жер 5,6 мың га;
Шетелдік қатысуымен заңды тұлғаның иелігіндегі (Бөрлі ауданы, «Аксайский комбинат хлебопродуктов») ұзақ мерзімді жалға алынған егістік жер көлемі – 2,1 мың га.
2016 жылы облыста мораторий жарияланғанға дейін агроқұрылымдарға көлемі 2,6 мың га құрайтын жер учаскесі жалпы сомасы 12 115,3 мың теңгеге сатылып, жеке меншікке берілді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке берілу тоқтатылды.
Сонымен қатар, 2016 жылы қәсіпкерлікті дамыту үшін жеке меншікке көлемі 34,8 га құрайтын 228 жер учаскесі сатылды, олардың жалпы сомасы 193 457,6 мың теңге.
100 нақты қадам Ұлт жоспары шеңберінде 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағында жерлерді тиімді пайдалану мақсатымен пайдаланылмайтын жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жөнінде біркелкі жұмыстар атқарылуда.

 
2015 жыл бойынша жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп
 

Басшының блогы

Жұмыс регламенті

дүйсенбіден жұмаға дейін,

сағат 9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

Келермендердің статистикасы

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін сайтқа кіргендер:332
mod_vvisit_counterАптаға келушiлерi:1602
mod_vvisit_counterАйына сайтқа кіргендер саны:5273
mod_vvisit_counterБарлық қолданушылар:182389

Күнтізбе

«110 қауырт желісі»
Террористік қауіптілікпен
байланысты хабарларды
қабылдау үшін